Т.Рысқұлов ауданы. ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Т.Рысқұлов ауданы. ТАЗА  АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ернар Есіркепов Жарлысу ауылында болып, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің жай-күйін зерделеді.

Жалпы өткен жылы аталған ауылдағы ауызсу имаратына заманауи сүзгі қондырғысы орнатылып, 197 түтін су есептегіш құралдарымен толық қамтылды.

Зерделеу барысында Ернар Есіркепов ауыл тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша пікірлерін тыңдады.

Жалпы тұрғындарды тіршілік нәрімен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі алдағы уақытта да тұрақты бақылауға алынып, тиісті шаралар іске асырылатын болады.

Одан бөлек аудан басшысы А.Шынасилов атындағы орта мектеп-интернаты мен Көкдөнен ауылындағы бұрынғы әкімдік ғимаратының жай-күйімен де танысты.

 

29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755