Тіршілік көзі – тоқ жеткізушілердің еңбегі ерен

Тіршілік көзі –  тоқ жеткізушілердің еңбегі ерен

«Өзенэнергомұнай» өндірістік басқармасы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып отырған мекемелердің бірі. Басқарма қызметі өндірістің тұрақты жүруі, тұтынушыларға үздіксіз қызмет көрсету, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Бүгінде басқарманы тәжірибесі де, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары басшы – Нұрлан Балтаев басқарады. Біз басқарманың қазіргі тынысы, алдағы жоспарлары мен жұмыс жүргізудегі негізгі ұстанымдары жөнінде сұхбаттасқан едік.

– Нұрлан мырза, өзіңіз басқарып отырған «Өзенэнергомұнай» өндірістік басқармасы туралы айта кетсеңіз. Басқарма бүгінге дейін қандай жетістіктерге қол жеткізді?

– Басқармамызда қызмет ететін жалпы адам саны – 528, ИТҚ – 140 адам, жұмысшылар саны – 388 адам.

Басқармамызға қарасты 5 өндірістік құрылымдық бөлімшесі бар. 

Қазіргі таңда Басқарма бойынша мұнай кәсіпшілігін тоқ көзімен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жаңадан 4 дана 6кВ-тық тарату торабы салынды. Қосымша ағымдағы жылда тағы екі тарату торабын салып бітіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кернеуі 35кВ Разгрузочная-1,2 35 кВ әуе желісінде (ұзындығы – 8,1 км құрайтын) күрделі жөндеу жұмыстары, оның ішінде тіректерін, сымдарын, оқшаулағыштарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Аталған «Разгрузочная-35/6кВ» қ/ст электр жабдықтарына кәсіби оңалту, сынақтан өткізу және өлшеу жұмыстары өткізілді.

МДжӨҚҚБ мекемесіне қарасты «МСАААҚ-1,2» нысандарындағы кернеуі 6кВ жабық тарату қондырғыларының ұяшықтарын қайта жабдықтау (ретрофит), ваккумдық ажыратқыштарын, релелік қорғаныс құралдарына заманауи жабдықтарды орнату жұмыстары атқарылды.

Тозығы жеткен, тастан қаланған «№2в/п» 6 кВ-тық тарату торабы жаңа заман талабына сай блоктымодульді ғимаратқа ауыстырылды.

Қоғам бойынша электр энергиясын тиімді пайдалану, жоғалтуларды азайту, есепті нақты жүргізу мақсатында 2021 жылы Басқармада коммерциялық есептің автоматтандырылған жүйесі енгізілді (АСКУЭ). АСКУЭ – бұл тұтынушылардың электр энергиясын тұтынуын қашықтан, нақты уақытта, автоматты түрде өлшеуге, тіркеуге және талдауға арналған жүйе. Бұл жүйені енгізуде үлкен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, өз кезегінде электр энергиясын дұрыс есепке алу және үнемдеуге зор үлесін қосты.

– Қызметкерлеріңіздің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында қандай шаралар жүргізіліп тұрады?

– Жаңа жабдықтарды сапалы әрі қауіпсіз пайдалану мақсатында басқарма бойынша 82 қызметкер Алматы қаласында «Schneider Electric» ЖШС-нің инженер мамандарының оқытуымен жиілікті реттейтін жетектерге қызмет көрсету бойынша арнайы курстан өтті. Алдағы уақытта да қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқу процесін жалғастыру жоспарда бар.

– Мекеме қызметкерлеріне қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?

– Қоғамның қабылдаған Ұжымдық келісімшартына сәйкес жұмыскерлерге әлеуметтік көмектер қарастырылған. Шипажайларға тегін жолдамалар беріледі, ем-дом алуына және ота жасатуға қаржылай көмек бөлінеді.

Сонымен қатар жұмыскерлердің балалары жазғы демалыс орындарына демалуға тегін жолдамалармен бара алады. Ұжымдық келісімшартта жұмысшы балаларының балабақша ақылары мен жоғары оқу орындарының ақыларын төлеуге де айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.

– Өндірістік жұмыстардан бөлек, басқарма қаланың әлеуметтік дамуына да үлес қосып келеді деп айтылады. Осы бағыттағы қызметтеріңіз туралы да тоқталып өтсеңіз.

– Бүгінде «Өзенэнергомұнай» басқармасы аяғынан нық тұрған, іргелі кәсіпорындардың біріне айналды. Біз жыл сайын тіршілік көзі – тоқ жеткізушілермен тығыз байланыс орнатып, мұнай мен газ өндірудің тағдырын айқындайтын жетекші мекемелер қатарынан көрініп келеміз. Әрине, бұл – күндіз-түні тынбай еңбек ететін қарапайым жұмысшыларымыздың еңбегі. Олар мұнай өндірушілер тоқсыз қалмауы үшін бар күш-жігерін аямай жұмсауда.

Өндірістегі қызметтен бөлек, басқарма ұжымы Жаңаөзен қаласының және оған жақын елді мекендердің өсіп-өркендеуіне де үлес қосып келеді. Қала ішіндегі тозығы жеткен электроқондырғыларды ауыстыруға көмек көрсетеміз, әлеуметтік нысандарды жарықтандыруға атсалысамыз. Маңғыстаудың киелі орындары – Бекет ата, Шопан ата, Теңге әулие, Отпан таудағы «Адай ата» кешені, сондай-ақ Құланды елді мекеніндегі ипподром электрмен қамтамасыз етіліп, техникалық қызмет көрсету біздің мамандар арқылы жүзеге асады.

Сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауындағы, Жаңаөзеннен 60 шақырым жерде орналасқан «Кендірлі» демалыс базасының ішкі және сыртқы электр жүйесін толықтай орнатып, іске қостық. Одан бөлек, өңірде өтетін үлкенді-кішілі іс-шараларға да тұрақты түрде қолдау көрсетіп, нысандарды энергия желісіне қосу, уақытша жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастырамыз. Қала ішіндегі шағын кәсіпкерлік нысандарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету де – біздің тұрақты міндетіміз.

– Пайдалы әңгімеңіз үшін алғыс айтамыз! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Сұхбаттасқан – 

Гүлмира АЙЫТҚАЛИЕВА

18.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21190
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20971
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36153
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34592
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38516