Талды археологиялық паркінде тағы үш сирек кездесетін қорымдар табылды

Талды археологиялық паркінде тағы үш сирек кездесетін қорымдар табылды

Археологтар Шет ауданының Талдыархеологиялық паркіндегі Қаражартас қорымынантағы үш сирек кездесетін жерлеу орнын тапты. Табылған жәдігерлер арасында тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар да бар. Олар қола дәуірінежатады.

– Мұнда қола және темір ғасырларыныңкөптеген жерлеу орындары бар. Сондықтан да тарихты зерделеу үшін бұл тамаша орын, – депесептейді ескерткіштерді қорғау орталығыдиректорының орынбасары Жанболат Мәжитов.

Қазір және бұрын табылған жерлеуорындарының көпшілігі тоналып кеткен. Ғалымдардың пікірінше, мұны бұрыңғы заманадамдары жасаған.

– Қорымдар тоналды. Мәйіттер көшіріліп, құнды заттар алынып, тек қола заттар қалды. Бізтапқан балалардың жерлеу орындары ересектерденбөлек және жалпақ тастардан тұрғызылған. Солкезде қайтыс болған адамның аруағы мұндайтастардан аттап өте алмайды және адамдардымазаламайды деп сенген. Сондай-ақ, балалардыңмәйіттерінің жанында сүт тәрізді сұйықтықтыңқалдықтары бар ыдыс-аяқ болды. Табылған заттарсирек кездеседі, – дейді археолог, тарихғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкин.

Оның айтуынша, қазба жұмыстары жаздыңсоңына дейін жалғасады және келесі жылытабылған заттар қалпына келтіріледі.

Жұмыста ғалымдарға Е. А. Бөкетов атындағыҚарУ тарих факультетінің студенттері көмектеседі.

– Біз мұнда тәжірибеден өтіп жатырмыз. Мен көптеген ақпарат алып, артефактілерді өз көзімменкөргеніме қуаныштымын. Қола дәуіріндегі қышыдыстар, қола пышақтар, сырғалар мен сақиналартабылған. Біз ежелгі адамдардың сүйектеріне назараудардық және қазіргі заманмен айтарлықтайайырмашылықты байқадық. Қолдар мен аяқтардыңсүйектері ұзын және қалың.

Олардың тістері таң қалдырды. Олартолығымен сүтті және еш қанқұртсыз таза болды. Бірақ ол кезде тіс пасталары да, щеткалар да болғанжоқ. Бұл ретте адамдар гигиенаны қалай сақтағандеген сұрақ туындайды. Бір сөзбен айтқанда, біздіңқазіргі жұмысымыз бізге өте ұнайды, – деп бөлістіҚарУ тарих факультетінің студенті БекарысТілегенов.

Болашақта Талды археологиялық паркіндетуристер үшін ірі тарихи-мәдени орталықашылады. Тас пирамидаларды, қорғандарды жәнебасқа да үлкен және кіші қорымдардықазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем тарихыныңәуесқойлары да көре алады.

 

Жомарт Шаймұрат
18.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28296
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45139
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40784
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45464