Сыныпқа Омар келгенде ол тірі адамнан гөрі көлеңкеге қатты ұқсайтын. Сұр күртешесінің капюшонын басына киіп, адам баласына сөйлеу түгілі, көз түйістірмейтін. Сынып оның момын бала екенін бірден түсінді. Сол сәттен бастап ол ең шеткі партаға сіңіп кетті. Бір ай бойы Омардың дауысын ешкім естімеді. Тіпті мұғалімдер сұрақ қойса, жай ғана басын изейтін. Біз оны ештеңе білмейтін біреу деп ойладық. Бірақ ол «қой аузынан шөп алмас» бала еді.
Бірде біздің мектепте үлкен шу шықты. Информатика кабинетіндегі ең күрделі компьютерлік жүйе бұзылып, мектептің барлық электронды базасы өшіп қалды. Ешқандай
маман оны қалпына келтіре алмады. Ертеңгі емтиханның барлық мәліметтері жоғалып кету қаупінде тұр еді. Мұғалімдер бөлмесінде үрей орнаған сәтте есік баяу ашылып, ішке сол баяғы күртесімен Омар кірді. Ол үндеместен компьютерге жақындады.
Мұғалімдер:
— Әй, бала, саған бұл жерге кіруге болмайды! — деп айғайлап жіберді.
Бірақ Омар бұл сөзге мән бермеді. Оның саусақтары пернетақта бетінде найзағайдай ойнап кетті. Оның көзіндегі тұйықтық сол сәтте ғана сөніп, орнына отты жалын пайда
болды. Омар цифрлар мен кодтар әлемінде суда жүзген балықтай еді. Омар бес минут, небәрі бес минуттың ішінде бәрін қалпына келтірді. Сонда:
— Бұл... Бұл қалай болғаны мүмкін емес. Қалайша? — деді директор таңдана қарап. Ал Омар орнынан тұрып шығып бара жатты да, кенет тоқтап:
— Сөз бәрін бүлдіреді, ал цифрлар ешқашан алдамайды, — деді.
Сол күннен бастап біз Омарды "тұйық", "біртүрлі" деп атамадық. Ол арасында сөйлейтін,оның сұр күртешесінің арғы жағында барлық әлемді өзгерте алатын сандық күш жатқанын түсіндік.
Айкерім Шыңғысқызы, Алматы облысы, Қарасай ауданы
Қайнар орта мектебінің 10"ә"сынып оқушысы













