Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!
Сіз саналы ғұмырыңызды ұрпақ тәрбиесіне арнадыңыз. Ұстаз ретінде ұлтты тәрбиелесеңіз, қаламы жүйрек отаншыл жан ретінде журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қостыңыз. Өткір мақала жазып, қоғамның ауыр жүгін арқаладыңыз. Жылдар бойы халықтың үні болып, шындықты ту еткен мақалаларыңыз бен ізгі еңбегіңіз кейінгі ұрпаққа үлкен мектеп. Өз ісіне адалдықтың, кәсібиліктің озық үлгісін көрсетіп, тәуелсіз еліміздің нағыз патриоты бола білдіңіз. Қоғамда өз қолтаңбаңызды қалдырдыңыз.
Осы айтулы күні Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыңызға амандық тілейміз. Қаламыңыздың қуаты сарқылмай, ардақты ұстаз, ел анасы болып, ортамызда аман-есен жүре беріңіз! Ғұмырыңыз берекелі, саялы болсын! Жүзіңізден нұр, жүрегіңізден жылулық кетпесін.
Сексеннің сеңгіріне шыққан ардақты ана, сіздің өмір жолыңыз бізге үлгі.
Ізгі тілекпен, Мұхит ТҰРЫСБЕКОВ,
Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі














