Шымкент қаласы Шырайлы Шымкенттегі Наурыз

Шымкент қаласы  Шырайлы   Шымкенттегі Наурыз

Өңірде  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше қарқынмен жалғасын тапты. Таңнан кешке дейін қала бойынша әр ауданда концерттер ұйымдастырылып, өнерпаздар тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ауа райы құбылмалы болса да, алаңдарға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Ән мен күй әуелеп, бишілердің өнері көрермендерді тәнті етті. Қаланың әр бұрышында құрылған сахналарда Шымкент қаласының «Шымкент концерт» ұжымы, Саз колледжі, Оқушылар сарайы, «Нұрсәт» өнер мектебі және басқа да өнер ұжымдарының әншілері мен бишілері кезек-кезек өнер көрсетті. Бағдарлама әр сағат сайын жаңарып отырды, бұл мерекенің ажарын айшықтады.

Астана алаңында Саз колледжінің ұжымы Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт барысында қазақтың дәстүрлі және классикалық музыкасы, халық әндері мен аспаптық шығармалар, сондай-ақ көркем би өнері көрермен назарына ұсынылды.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41509