Су айдындарындағы қауіпсіздік – бақылауда

Су айдындарындағы   қауіпсіздік – бақылауда

Өңірде суға түсу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыс аумағында 116 қауіпті учаске анықталып, 12 жағажай қауіпсіз деп белгіленді. Қалған демалыс орындарын талапқа сай жабдықтау және ашу жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Сонымен қатар қазір сүңгуірлер демалыс аймақтарының акватория түбін тексеріп жатыр. Жағажайлар тазартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Төтенше жағдайларды жою басқармасының аға инженері Бақытжан Қабақовтың айтуынша, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі суға түсуге арналмаған орындарда тіркеледі.

– Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Әсіресе ата-аналар мен балаларға судағы қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндіріліп, түрлі профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу әкімшілік жауапкершілікке әкелетіні ескертілуде, – деді ол.

Атап айту керек, былтыр облыста 11 адам суға батып, көз жұмған. Оның үшеуі – бала. Профилактикалық жұмыстар нәтижесінде 834 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

А. ХАМИТТЕГІ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448