ШЕЖІРЕЛІ ШАҢЫРАҚТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

ШЕЖІРЕЛІ   ШАҢЫРАҚТЫҢ   МЕРЕЙТОЙЫ

Ұлттық баспасөз тарихында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, елдік ой мен зиялы сөздің мінберіне айналған «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 105 жылдық мерейтойына орай «Заман мен зиялы мінбері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Мерейтойлық шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен басталып, Президенттің құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді. Ал Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың құттықтау хатын «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Ержан Байтілес оқыды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, журнал ардагерлері Сарбас Ақтаев, Жанболат Аупбаев, тарихшы Хангелді Әбжанов және белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуы мерейтойдың маңызын арттыра түсті.

Ғасырдан астам уақыт бойы заман тынысын зерделеп, елдік мәселелерді көтеріп, ұлттың рухани-интеллектуалдық кеңістігіне қызмет етіп келе жатқан «Ақиқат» журналының алар асуы әлі алда деп сенеміз.

«Ақиқат» ұжымын 105 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдарыңызға қуат, шығармашылық ізденістеріңізге серпін, ұжымдарыңызға береке тілейміз. Ұлттық журналистиканың абыройлы көшінде «Ақиқаттың» ақиқат сөзді ту еткен биік ұстанымы мен дәстүрі жалғаса берсін! Мерейтой құтты болсын, қадірлі әріптестер!

 

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті,

«Мөлдір бұлақ»  журналы мен

«Елана» ақпараттық-танымдық сайты ұжымы 

 

24.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28026
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27508
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44885
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40536
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45196