СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанда облыс орталығында жүргізілетін құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланған кеңес болып өтті. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында әкімге қалада іске асырылатын бастамалар таныстырылды. Н.Көшеров жобалардың сапалы, халыққа жайлы болуын, қаланың Бас жоспары мен дизайн-кодына сай жүзеге асырылуын қатаң қадағалауды тапсырды. Барлық жобалар дер кезінде аяқталып, ел игілігіне тапсырылуы тиіс.

Бас жоспарға шаһардың 2040 жылға дейінгі даму перспективасы енгізілген. Құжатта тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға, қаланың инфрақұрылымын әрі қарай жақсартып, туризм саласын дамытуға басымдық берілген.

Қаланың дизайн-кодында сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар мен ережелер қамтылған. Басты мақсат – шаһардың мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру. Мәжілісте Түркістанда салынатын жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың жобалары таныстырылды. Бірқатар жобалар мақұлданып, кейбіріне толықтырулар енгізілді. Құрылыспен бірге көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіледі. 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
08.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13914
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13867
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29000
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27658
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31170