Қызылорда облысы Жаңа кітапхана мен драма театр салынады

Қызылорда облысы  Жаңа кітапхана мен драма театр   салынады

 

 

Заманауи, көпфункционалды кітапхана салуға инвестор есебінен 20 млрд теңге қаралған. Бұл еліміздегі кітапхана инфрақұрылымын дамытуға, оқырмандарға қолжетімділікті арттыруға және өңірлерде ақпараттық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

Жоба бойынша ғимараттың аумағы 13 000 шаршы метр, 1 миллионнан астам кітап қорын сақтауға арналған. Жыл сайын 250-300 мың оқырманға қызмет көрсетеді. Драма театрдың жаңа ғимаратының салынуы – қазақ театр өнерінің қарашаңырағы саналатын аймақтағы тұрақты көрермендер үшін зор қуаныш, үлкен сый. Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театры былтыр бір жылдың ішінде төрт бірдей халықаралық фестивальда топ жарды. Материалдық базасы барынша нығайып, мамандардың кәсіби тұрғыда жетілуіне жағдай жасалды, баспанамен қамтамасыз етілді.

Жаңа ғимарат артистердің дайындығына, түрлі сахналық көріністер мен ауқымды декорациялар құруға мүмкіндік береді, кең тынысты дыбыс жүйесі мен соңғы үлгідегі жабдықтар қойылым сапасын арттыра түседі.

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755