Қорғаныс саласынан қаржы жымқыруға кімнің дәті барады?

Қорғаныс саласынан қаржы жымқыруға  кімнің дәті барады?

Біздің еліміздің қай саласын алсаңда жемқорлықпен, парақорлықпен былғанған десек, әсте қателеспейміз. Осы жөнінде әрбір адал азамат ойланып, толғанып, билікті кінәлайды. Ау, барлық пәленің басы сол билікте емес пе? «Балық басынан шіриді» деп халық босқа айтпайды. Сонда өміріміздегі өте көкейтесті бұл мәселені қалай дұрыс жолға қоямыз? Оның бір-ақ жолы бар. Оны тоқтатудың жолы – Ата Заңға арнайы бап шығарып, қатаң түрде жазалайтын үкім жазу керек. Бірақ жемқорлар, әсіресе биліктегі жемқорлар заңға бағынбайды. Басқа-басқа, тәртіптің нағыз ұясы – қорғаныс саласындағылардың ешбір заңға бағынбай жемқорлық жасағанын естідіңіз бе? Естігіңіз келмейді. Себебі үстеріне әдемі әскери киінгендерді ол пәлеге қимайсың.

Амал жоқ, нақты дерек, болған оқиға оған мойынсұнуға мәжбүр етеді. Өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі Әділбек Сәрсембаев қару-жарақ жеткізуге қатысты жемқорлық іс бойынша ұсталғанын естідіңіз бе? Экс-шенеунікке қылмыстық кодекстің 361 бабы – «қызметін асыра пайдалану» бабымен айып тағылып, тергеу амалдары жүргізілген. Сәрсембаев қорғаныс тапсырысына бөлінген қаражатты жұмсау барысында өкілетін асыра пайдаланып, заң бұзушылықтарға жол берген. Бұл дерек қару-жарақ және әскери техника сатып алу кезіндегі ірі жемқорлық схемасын әшкерелегенде анықталған.

Бұл анау-мынау емес – әскерге қажетті ұшақ бөлшектерін саудалау кезінде жүзеге асырылған. Осы жемқорлықтың кесірінен 600 млн теңге көлемінде шығынға батыппыз. Ал кейбір деректер бойынша бұл шығын миллиардтан асады деп те жазылып жүр. Міне осы іс бойынша Сәрсембаевтан басқа бірнеше адам сотталған. Әрине, олар бұл айыптарын мойындамай, одан құтылуға жан-тәнін салып жатыр. Айтпақшы, Сәрсембаевтың әкесі де 2000 жылдары пәлен миллион теңгені жеп қойып, сотталған екен. Ал оның баласы соттала ма, әлде ақтала ма – оны сот шешеді.

Біздің айтпағымыз – елімізді, жерімізді қорғайтын салада мұндай оқиғаның болуы көңілге күдік ұялатады. Тәуелсіздік алған алас-қапас уақытта генералдарымыз осындай жемқорлықпен ұсталғанын білеміз. Ол да Ресейдегі жемқорлармен жең ұшынан жалғасқан еді. Қазір қай елде болсын қорғаныс мәселесіне жете көңіл бөліп, жан-жақтарын қымтап, нықтап жатыр. Біз де солардан сабақ алып, қорғаныс қару-жарақтарын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз тиіс. Әсіресе, әскердегі әлімжеттік кесірінен қаза тауып жатқан жауынгерлерімізді қорғайық. Ол үшін қорғаныс саламызда адалдық, қатаң тәртіп орнату керек деп білеміз.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
02.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41509