Қонаев қаласымен тәжірибе алмасты

Қонаев қаласымен тәжірибе алмасты

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында жаңа тыныс алып, қарқынды дамып келе жатқан Қонаев қаласына арнайы аялдады. 

Қойнауы қазынаға толы бұрынғы Қапшағай қаласы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атала бастағаннан бері адам танымастай өзгеріп, бүгінде мұнда инфрақұрылым дамып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасуда. Сапардың басты мақсаты аудандағы абаттандыру және көріктендіру жұмыстарының сапасын арттыру үшін тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді игеру болатын.

Аудан әкімі қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу барысында Қонаев қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Мадияр Закеровтың сүйемелдеуімен қаладағы саябақтарды, скверлер мен шағын аулаларды аралап, олардың көріктендірілуі мен абаттандырылуына ерекше назар аударды. Ернар Есіркепов үш бірдей демалыс орнының жай-күйін көзбен көріп, ондағы балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін жасалған қолайлы жағдайлармен танысты.Тәжірибе алмасу барысында аудан басшысы, әсіресе, көп қаржы талап етпейтін, қарапайым қолда бар материалдармен жүзеге асырылатын, алайда эстетикалық әрі функционалдық тұрғыдан тиімді жобаларға айрықша мән берді. Аудан әкімі осындай үлгілерді Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында да кеңінен іске асыру қажеттігін атап өтті.

Ол, атап айтқанда, сәні мен мәні үйлескен аркаларды, сондай-ақ балалардың қимыл-қозғалысы мен шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ететін заманауи және қауіпсіз ойын алаңдарын көбейту мәселесін бірінші кезекке қойды. Аудан әкімі бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылуы тиіс екенін жеткізіп, аудандағы жауапты тұлғаларға Қонаев қаласының оң тәжірибесін ескере отырып, тиісті тапсырмалар жүктеді. Сапар аудан орталығы мен ауылдық округтердің келбетін жақсартуға бағытталған жаңа идеялар мен шешімдерді қабылдауға негіз болды.

А.ЖАҚСЫЛЫҚ,

Жамбыл облысы

 

31.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20001
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19819
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34968
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33529
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37343