Қоғамдық ойдың дамуына үлес қостыңыз

Қоғамдық ойдың дамуына үлес қостыңыз

Құрметті Сәуле Мешітбайқызы! 

Сізді мерейлі 80 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіз саналы ғұмырыңызды ұрпақ тәрбиесіне, қазақ журналистикасының дамуына, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге арнап келе жатқан білікті ұстаз, қаламы қарымды журналист, қоғам қайраткерісіз. Ұстаздық қызметте қалыптасқан мол тәжірибеңіз бен елге деген жанашырлығыңыз журналистика саласындағы еңбегіңізбен сабақтасып, қоғамдық ойдың дамуына өзіндік үлес қосты. Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетіне, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналына жетекшілік етіп, «ЕлАна» қоғамдық қоры мен ақпараттық-танымдық сайты арқылы елдің көкейіндегі мәселелерді көтеріп, олардың оң шешім табуына ықпал етіп келесіз.

Сіз көтерген елдік мәселелер, әлеуметтік бастамалар мен журналистік зерттеулер қоғамның назарын маңызды мәселелерге аударып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға қызмет етуде.

Осы мерейлі сәтте Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыс, шығармашылық табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай жетістіктер тілеймін.

Қаламыңыз мұқалмай, абыройыңыз асқақтай берсін!

Ізгі ниетпен,

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі

23.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28029
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27510
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44887
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40538
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45198