Қазақстандық спортшылар маусымның негізгі жарысына – Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионаты мен алдағы 2026 жылғы Миландағы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық үстінде

Қазақстандық спортшылар маусымның негізгі жарысына – Бейжіңдегі Төрт құрлық чемпионаты мен алдағы 2026 жылғы Миландағы қысқы Олимпиада ойындарына дайындық үстінде

21-25 қаңтар аралығында Бейжің тағы да әлемдік мәнерлеп сырғанаудың астанасына айналып, ол жерде 2026 жылғы ISU Төрт құрлықтың мәнерлеп сырғанау чемпионаты – маусымның ең маңызды әрі беделді жарыстарының бірі және 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдындағы маңызды сынақ өтеді. Сол күндері мұз айдынына ең мықты спортшылар шығады. Бұл турнир Қазақстан үшін ерекше маңызды, себебі ерлер арасындағы жекелей коньки тебуден ел намысын Михаил Шайдоров қорғайды. Ол соңғы маусымдарда орындаған элементтері айтарлықтай күрделі әрі тұрақты болып келуімен көзге түскен споршы ретінде танымал. Халықаралық деңгейде ол енді жаңадан бастап келе жатқан спортшы емес, ойынын жарыс төрешілері мен жанкүйерлер қызыға бақылайтын мәнерлеп сырғанаушы. Михаил бәсекелі өнер көрсетіп, ірі старттарда жиналып, маусым қарқынын сақтай алады.  Ұлттық құраманың көшбасшысы және соңғы маусымдарда кеше ғана орындалмайтындай көрінгенді шындыққа айналдырып, әлемді қазақстандық ерлер арасындағы жекелей сырғанауды «болашақ үміт» емес, шынайы күш ретінде қабылдатқан мәнерлеп сырғанаушы. 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2025 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы және 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алып,  сондай-ақ маусым қорытындысы бойынша Қазақстанды 2026 жылғы ойындарға олимпиада квотасымен қамтамасыз еткен Михаил Шайдоров Денис Тен дәуірінен тура он жыл өткен соң отандық мәнерлеп сырғанаудағы ірі жеңістер дәстүрін символикалық түрде жалғастырды. Олимпиада маусымына Михаил зор қарқынмен кіріп, ISU мәліметі бойынша, ол Гран-при кезеңін медальдармен, мысалы,  Skate America турнирінде күміс және Қытай кубогында қоламен бастады, серия финалына жолдама алды. Бұл тек жақсы нәтиже ғана емес, бүл психологиялық дайындық пен Бейжіңдегі жарыс алдындағы ынталандыру. 

Михаил Шайдоров өзінің спорттық жолын бала кезінен бастап, мақсатына сенімді түрде ұмтылды, бұл «жай жолы болғаны» туралы хикая емес, жаттығу тәртібі, ерте есею мен тәуекелге баруға батылдығы жеткені туралы хикая. 

Халықаралық конькишілер одағы оны мәнерлеп сырғанауда ерекше элементтерді орындаушы ретінде атап, соның арқасында ол жарыста бұрын-соңды ешкім орындамаған үштік аксель-ойлер-төрттік сальхов және үштік аксель-төрттік тулуп кешенін орындап тарихқа енді. Сонымен қатар ол тек техникасымен ғана емес, онсыз жанкүйерлер жүрегін жаулау мүмкін емес шеберлігі мен ішкі харизмасымен де көпшіліктің көзайымына айналды. Оның «Кунг-фу Панда» бейнесі мен Әлемдік Гран-при финалында көрсеткен өнері, өзін-өзі мысқылдауы және әртістік шеберлігі спортшыны шын жүректен жанкүйер болуға лайық қаһарманға айналдырғаны рас.  

Оның спорттық мансабының тағы бір желісі – демеушілерінің қолдауы. Михаилға үш маусым қатарынан (2023 жылдан бастап) «Алтыналмас» АҚ демеушілік жасап, оған ұзақ дайындығы барысында жаттығуына көмектесіп келеді. Компания өз материалдарында қазақстандық спорттың дамуына қосқан үлесін және спортшының жаңа биіктерге жетуіне қолдау көрсеткенін атап өтсе, Михаилдің үнемі серіктесіне өсу және нәтижеге қол жеткізуге берген мүмкіндігі үшін көпшілік алдында алғыс айтады.

«Алтыналмас компаниясы мен Владимир Жұманбаевтың қолдауының арқасында мен ыңғайлы жаттыға аламын...», - дейді Михаил Шайдоров дайындығы мен болашақ мақсаттары туралы айтқанда. Жанкүйерлер үшін бұл турнир халықаралық жарыстар күнтізбесіндегі жай оқиға емес. Бұл Қазақстан әлемдік мұз айдынында сенімді, абыройлы әрі мықтылармен теңдей өнер көрсеткен кезде қайтадан мақтаныш сезіміне бөлену мүмкіндігі.

19.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 298

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22480
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22236
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38027
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35820
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39874