"Қазақстан халқына" қорының басшысы Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

"Қазақстан халқына" қорының басшысы Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесті

"Қазақстан халқына" қоры қоғамның бағалауымен ұсынымдарын ескере отырып, өз жұмысыныңформатын өзгертпекші. Қарағандыға қор төрағасыБолат Жәмішев келді.

Облыс әкімдігінде өткен кездесуде өңірдіңқоғам белсенділері өз ұсыныстарын білдірді. Өтініштердің көпшілігі денсаулық сақтаудықолдауға, ерекше балалар мен мүгедек адамдарғакөмек көрсетуге қатысты болды.

– Қыркүйек айында біз азаматтық қоғамөкілдерін, қор донорларын, қазақстандық ірікәсіпорындар мен кәсіпкерлерді, Үкіметмүшелерін, депутаттарды шақырумен үлкенонлайн-конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы конференцияда біз Қордың жаңатұжырымдамасын, қайырымдылық бағдарламалармен жобалар проспектісін бекіткіміз келеді. Сіздердің ұсыныстарыңызды есту біз үшінмаңызды. Осы мақсатта өңірлерді аралаймыз, – деді Болат Жәмішев.

Төраға қордың жұмысы және жаңа бастамалартуралы айтып берді.

– Біз қазір ауылдық білім беруді қолдаужөніндегі тиімді жобаларды іздестірудеміз. Арнайымектеп-интернаттарды жабдықтау бойынша жобадайындап жатырмыз. Бұл бағдарлама 99 мектептенөтінім алды, 30-нан бастауды жоспарлап отырмыз. "100 спорт залы" бағдарламасын қаржыландырубасталды, – деді Болат Жәмішев.

Ол осы бағыттағы бастамаларға жүгінугешақырды. Қор басшысы ұсыныстардың бірде-біріназардан тыс қалмайтынына сендірді.

– Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтіккөмек көрсету бойынша жұмыс істеуде. Мысалы, орфандық аурулары бар емделушілерге арналғандәрілік препараттарды сатып алу бюджеттенқаржыландырылды. Жүйелі мәселелерді өздеңгейінде шешуге тырысамыз. Меценаттар, демеушілер де көмектеседі. Бірақ әлі де проблемалар бар, сондықтан Қормен өзара іс-қимыл нүктелерін тапқымыз келеді, – деп атап өттіоблыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Кездесу "Қазақстан халқына" ҚҚ мен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағыынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюменаяқталды.

 

Жомарт Шаймұрат
12.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27777
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45138
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40783
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45463