Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың назарына
А Ш Ы Қ Х А Т
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің ілгеріде Конституцияға ұсынған өзгертулерімді (әлі 1 жыл да болып үлгермеді) Парламент кері қайтарып үлгергенде, Премьер-Министр әлі ойланып жатқанында – жалғыз Сіз қабылдаған болатынсыз (3-бап, 6-тармақ?). Сол себепті, бұл жолы да тіке өзіңізге хат жолдауға мәжбүр болып отырмын. Мәселе төмендегідей.
1980 жылдарда КСРО Еңбек Ерлері атанған Орталықтағы академиктер шебіне қарсы шыққан жалғыз геофизик едім. Сол академиктер менен үндемей құтылған болатын. Бүгінде сол күресімді өз «ғалымдарымызға» қарсы жалғастыруға мәжбүрмін.
1950 жылы математик, академик А. Н. Тихонов тарапынан «теориясы» жаратылып, 1957 жылы алғаш рет Өзбекстанда «сынақтан жақсы өткен» Жерді магнитотеллурлы зондтау (МТЗ) әдісі бүкіл Одаққа тарады.
Мен 1982 жылы әдістің өтірік, дәлірек айтсақ, диверсиялық жұмыс екеніне көз жеткізген соң, 1983 жылы ол туралы бүкіл елдің мамандарына айттым. Қарсы шыққандар да, қолдағандар да болмады. Тек Киевтегі Украина Ғылымдар академиясының Геофизика институтында бөлім меңгерушісі болып істеген профессор И. И. Рокитянский сол жылы арнайы келіп, мені тыңдады. Менікі дұрыс екеніне көз жеткізген ол электр компоненттері қолданбайтын өзінің әдістерін ұсынып, менімен бірге бір айға дала жұмыстарына шығуын ұсынды. Бұл ұсынысқа біздің директорымыз, академик И. Х. Хамрабаев, қарсы болды.
1985 жылы күзде Мәскеуден академик А. Н. Тихоновтың оң қолы болған М. Н. Бердичевский және 1986 жылы мамыр айында Л. Л. Ваньяндар (атышулы Лев Троцкийдің ұлы, кейінірек – академиктер) келіп, мені өз ойымнан қайтармақ болды. Мен көнбедім.
1990 жылы ойымды эксперименттермен тексеріп және де оларды нақтылау мақсатында осы іс бойынша жеке өз тақырыбымды ашпақ болдым. Сонда мені Дүниежүзілік геофизика институтының директоры қолдады. Ол – сол кезде ең жас (1946 ж. т.) академик М. С. Жданов еді. Ол біздің институтқа телетайп жіберіп, осы жоспардағы тақырыбым бойынша өз коллективімен менімен бірге істеуі мүмкін екендігі туралы айтқан. Бұл жұмысты академик И. Х. Хамрабаевтың адамдары бүкіл Ташкент бойынша ғылыми кеңесте бюджетте ақша жоғын айтып, болмайтынға шығарды.
Содан кейін мен Қазақстан азаматтығын алып, елімізде жұмыс істеп, зейнетке шығып, соңыра сол әдіс туралы ғылыми кітап жаздым. Кітапты жазуда және қосымша зерттеулер жүргізуде інілерім көмектесті. Оны Астанадағы Түркі мемлекеттер академиясына және Мемлекеттік кітапханаға, Алматыда Қазақстан Ұлттық ғылым академиясына және басқа түркі мемлекеттері академияларына тараттым.
Кітапта математика және физикадан бірнеше іргелі (фундаментал) жаңалықтар да бар. Мұндай жаңалықтар көпшілік ғалымдарға нәсіп ете бермейді.
Кітабымызды Қазақстан ҰҒА-на барлық тиісті ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен талқылауға қоюды ұсындым. Сондағы мақсатым – бұл диверсиялық жұмысты алдымен Қазақстанда, сосын бүкіл түркі елдерінде тоқтату болған. Өкінішке орай, ойлағаным болмады. Бұл геофизикалық әдіс әлі осы күнге дейін қолданыста.
Маған шетелдіктерден Қырғызстан Ғылым академиясының Сейсмология институтының жетекші ғылыми қызметшісі болған академик Кушбакалы Тажибаев: «Сен өз Қазақстаныңда тоқтата бер», – деп кесіп айтты.
Өзбекстанда мен кеткелі МТЗ-дан 5-6 ғылым докторы пайда болыпты. Олар да жұмған ауыздарын ашпай отыр. Шамасы, академик А. Н. Тихонов және оның академиктеріне ұқсап, үндемей құтыламыз деп ойлайтын шығар.
Түрікменстанды о бастан сол МТЗ-ны жаратқан диверсанттар басқаруда. Сондықтан олардан қайран жоқ. Сонда да 1 кітапты Түрікменстан консулдығы арқылы Ғылым академиясының Сейсмология институтына беріп жібергенмін.
Әзербайжан елінде бір әскери генерал-ақсақал (Гулиев Әскер) бұл іске қызығушылық танытты. Ол: «Ұлттық Ғылымдар Академиясының қазіргі Президентімен жас кезімнен доспын. Ал ел Президенті И. Г. Әлиев – құдам. Оларға өзім сені алып кіремін», – деп, көп әрекет жасады. Мен барамын деп, қаражат жинап жүргенімде, ол кісі қайтыс болып кетті.
Қазақстан елінде осы сала бойынша қазір екі доктор (мен білген) бар екен. Қазақстан ҰҒА кітаптың ғылыми талқысына оларды өздері шақырады деп сендім. Бірақ ҚР ҰҒА жиналыс жасап, мамандарды шақырмақ түгіл, 1,5 жыл бойы институттардан пікірлер де жинай алмады. Нақты себебі маған белгісіз. Тек Академияның ғылыми хатшысы: «Бізде жағдай осындай болып тұр, пікірлерді енді өзіңіз жинай беріңіз. Қаншама көп жинасаңыз, өзіңізге жақсы. Сосын тағы да ортаға талқыға қоюға әрекет жасаймын», – деді. ҚР ҰҒА-ның екі вице-президенті де жиналысты жүргізуден бас тартқан. Меніңше, олар дәл осы мақсаттарда қойылған еді. Ал Академия президентінің өзі маман болмағандықтан, мұндай талқылауды басқаруы қиын.
Бәрінен де сорақысы – «Ионосфера институти» ЖШС-нің кітапқа берген пікірі болды. Онда «Бұл мәселе бойынша барлығы да ойдағыдай. Бұл адам бекерге дау іздеп жатыр. Мысалы, Мәскеудегі ИЗМИРР АН институты о бастан барлығының басында тұрып, осы күнге дейін өнімді жұмыс істеп келуде. Авторды жақсы сөзбен шығарып сала салыңыздар», – дегендей пікір айтқан.
Ал сол «Ионосфера институти» «ионосферадан келетін сондай толқындар бар» деп дәлелдей ала ма? Егер «бар» деп сіресіп тұрып алатын болса, онда сол толқындардың табиғи (аналитик) түрде жазып алынған ленталарын көрсете ала ма? Бұл салада әрбір толқындар және ауытқулар пайда болған кезде, оның жазулары әлемдік обсерваторияларда да жазулы тұрады. Обсерваториялар үздіксіз жұмыс жасайды. Мен сол обсерваторияларға сұрау жіберуім де мүмкін ғой. Шындығында, Қазақстанның «Ионосфера иституті» Мәскеудегі ИЗМИРР АН институтындағы өз әріптестерінің пайдасы үшін «бар» деп өтірік ақпарат берген.
Менің жауабым: Дәл сол Мәскеудегі институт – осы диверсиялық өтірік «әдістің» жаратылуында және оның өндіріске енгізілуінде жұмыстың басында тұрған орталық институттардың бірі еді.
Академик атағына ие адамдар іргелі ғылымда қалатын, ең болмағанда бір дана ғылыми жаңалық ашқан болуы керек. Ол түгіл, Қазақстан ұлттық ғылыми академиясында ғалымдарының мақалалары жарияланатын бірде-бір журнал осы күнге дейін жоқ. Себебі неде? Ілгері, айтылғандай, 10-15 журналы болушы еді. Олардың бірәзі әр айда әлемнің 74 еліне таралатын. Уақытында сол журналдардан менің мақалаларымды оқыған әлем ғылыми журналдары (АҚШ, Канада, ...) мені жұмысқа шақырған болатын. Біздің елдің дамуына, соның ішінде ғылым және техникасының дамуына қарсы күрес ешқашан да тоқтаған емес. Бұл мәселе бойынша зенит ракеталарымызды жаратуда Израиль мамандарының істеген жұмысын есепке алу жеткілікті.
Сонымен, негізгі сөздің тоқ етері төмендегідей:
Табиғатта периодтары 1 секундтан 24 сағатқа дейін болатын тұрақты табиғи электромагниттік толқындар жоқ және болған да емес. «Жер қойнауларын жүздеген, тіпті мыңдаған километр тереңдіктерін зерттейтін» геофизикалық «әдіске» қажет ЭМТ – табиғатта жоқ. «Ондай толқындар бар» деп айту – бұл халықты алдау. ҚР «Ионосфера институты» ЖШС бұл жерде ҰҒА-ын және ғылыми қоғамды алдаумен айналысуда! Ал Қазақстан ҰҒА бұған көз жұмып отыр.
Табиғатта электромагниттік ауытқулар (вариациялар) бар. Олар ешқандай толқын заңдарына бағынбайды. Сондықтан ауытқулар толқындардың орнын баса алмайды.
«Жер қойнауларын электробарлау әдістерімен зерттеуге қажет жиіліктегі (частотадағы) ЭМТ-ды» қолдан жарату да техникалық жағынан мүмкін емес. Бұл туралы біз кітапта нақтылап жазғанбыз.
Мұндай жоқ толқындарды бар деп айтудың өзі – қылмыстық іс, яғни алдау. Себебі – ол жоқ нәрсе.
Бұл МТЗ жұмысын амалға асыру үшін Қазақстанда әрбірі 65-85 мың доллар тұратын кем дегенде 15-20 станция сатып алынған (Қазақстанда да сатып алған үкімет мекемелері бар). Осы жолы жоқ толқындарды «бар» деп айтып отырған – Қазақстанның «Ионосфера институты» ЖШС.
Талқылану үстіндегі кітапта айтылған Sq–вариация да өмірде жоқ. Оны «толқын» деп жариялау – «ғалымның» білімсіздігінің немесе оның өтірігінің белгісі.
Ешқандай электромагниттік толқын, бар болғанда да, өткізгіш Жерге сіңіп кете алмаушы еді. Себебі – ЭМТ-ның күш векторларының бағыты көлденең (поперечное направление) бағытта болады. Осыны түсіну үшін терең білім де қажет емес еді.
Қазақстанда да «мамандар» өтірік «ғылыми-өндірістік нәтижелер» беріп келуде. Олар бұған КСРО кезінде диверсант ғалымдардан үйреніп алған. Бұл – біздің елдерімізде жүргізіліп келе жатқан тікелей және жүйелі экономикалық қопарушылық. Басқаша айту мүмкін емес!
«Социалистік Еңбек Ерлері» атақтарын алған академиктердің өздері «өтірік» немесе «жала» деп айтпай, жұмған ауыздарын аша алмай, өмірден өтіп кетті.
Қорытынды: Қазақстанда ғылыми-зерттеу институттарындағыдан басқа да мәселені дұрыс шеше алатын мамандар табылады. Академиялық институттарда жайғасып алу ештеңенің кепілі бола алмайды.
Сейітбай БАЙДУЛЛАЕВ,
ҚР Құрметті азаматы, зейнеткер геофизик
Хатқа қосымшалар:
Менде сала маманы проф. Т.Л.Бабажановтың, проф. Б.Турсунбаевтың, проф. И.Нуритдиновтың, проф. А.Шеровтың, проф. Б.Ш.Артықалиевтің, проф. А.Ақаевтің, проф. С.Өтениязовтың, дипломат А.Айдашевтің кітапқа жазылған пікірлері бар. Оның ішінде Совет Одағының көптеген орден-медальдарын алған, Мемлекеттік және Ленин сыйлығының иегерлері тұр.
















