Қарағанды кітапханасында "Алаш" қозғалысының 105 жылдығына арналған көрме ашылады

Қарағанды кітапханасында "Алаш" қозғалысының 105 жылдығына арналған көрме ашылады

Биыл "Алаш" қозғалысына 105 жыл толады. Осы тарихи оқиғаға орай Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы кітапхананың оқу залында 15 шілде күні "Алаш қозғалысы және Қазақ ұлттықидеясы" атты кітап көрмесі ашылады.

Мұнда алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары – "Алаш" қозғалысының өкілдерін бейнелейтінэнциклопедиялар, анықтамалықтар, кітаптарұсынылады. Кең форматта құжаттар мен материалдар жинақтары, мерзімді баспасөзбеттерінде жарияланған мақалалар және осы мерейтойлық датамен байланысты барлықматериалдар ұсынылады.

Оқырмандар қозғалыс тарихымен Д. А. Аманжолованың "Алаш: демократиялық таңдаудыңтарихи мәні" атты үш томдық монографиясыныңжәне профессор Т. К. Жұртбайдың "Алашқозғалысы: алаштықтардың сот процестеріматериалдарының жинағы" заң құжаттарыжинағының арқасында таныса алады. ТұрсынЖұртбайдың "Менің қасіретім, менің мақтанышым– Алаш!" атты кітабында "Алашорда" қайраткерлерінің жауап алу хаттамалары мен айғақтарына негізделген автордың өткен, қазіргіжәне болашақтағы қазақ халқының тағдырытуралы ой-пікірлерінің жемісі жайлы айтылады.

– Әдемі безендірілген экспозиция естеқаларлық күннің терең мағынасын көрсетеді, – дейді оқу залының қызметкері Станислав Смирнов. – Стендтерде облыстық "Индустриальная Караганда" газетінде жарияланған "Личности в потоке времени" мақаласы ұсынылды. Оныңавторы Рашит Каренов "Алаш" қозғалысыкөшбасшыларының ұлттың рухани жаңғыруынақосқан үлесі, Ахмет Байтұрсыновтың қайғылыжәне Ұлы тағдыры және "еркін дала әншісі" саналған ақынның шығармашылық мұрасы туралыәңгімелейді.

Көрмеде ұсынылған әдебиет қалың оқырманға, оқушыларға, ЖОО студенттеріне, педагогтарғажәне барлық қазақстандықтарға пайдалы болуымүмкін.

Экспозиция 15 тамызға дейін жалғасады.

Жомарт Шаймұрат
14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28294
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27777
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45138
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40783
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45463