Қайырлы күн, достар!

Қайырлы күн, достар!
29–30 сәуір күндері аралығында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болдым.
Басты мақсат- «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына және оның өңірлік деңгейдегі тиімділігін арттыру жұмыстарын көзбен көруге арналды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің, салалық басқармалар мен қаржы институттарының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Жиында бағдарламаның ағымдағы нәтижелері, қаржыландыру тетіктері және проблемалық мәселелері талқыланды.
Ауыл экономикасын әртараптандыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қосылған құнды арттырудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі бағыты ретінде қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті сала жетекшілеріне мынадай тапсырмалар берілді:
— қаражаттың тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын күшейту;
— мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту;
— ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тарта отырып, тауарлы несиелеу жұмысын жүйелі түрде дамыту.
Осы жұмыс сапары барысында бірқатар жобалармен танысып шықтым:
• «AbiNar» шағын құс фермасы (25,2 млн теңге, 400-ден астам тауық, тәулігіне 360-қа дейін жұмыртқа);
• биогумус өндіру жобасы (3,9 млн теңге);
• 1075 басқа арналған сүт-тауар фермасы (10 млрд теңгеден астам);
• «Бушнев» АӨК-нің ет консервілерін өндіру цехы;
• «Гранд Фиш» балық шаруашылығы.
Сондай-ақ «Ертіс» ӘКК және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесіп, қарыз алушылармен жүйелі жұмыс жүргізу мәселелері қаралды.

Өңірдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етілуі өсіп келеді: 65 атаудың 31-і бойынша деңгейі 100%-дан асады (2024 жылы — 18).
Жалпы, бағдарлама тиімді жүзеге асырылуда. 2023 жылдан бері 5 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам жоба қаржыландырылып, 600-ден астам жұмыс орны құрылды. Қаражаттың жартысына жуығы кооперацияны дамытуға бағытталған.
2026 жылы 4,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру көзделген (тағы 400-ден астам жоба).
Жұмыс жалғасады. Негізгі басымдық — нақты нәтиже: жұмыспен қамту, халық табысының өсуі және ауыл аумақтарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып қала бермек.
02.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24767
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24424
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41867
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37734
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42174