Өңірде автоспортты дамыту қолға алынады

Өңірде автоспортты дамыту қолға алынады

Атыраудағы Исатай мен Махамбет атындағы алаңда тойланған Наурыз мейрамында қала тұрғындары мен қонақтар дәстүрлі тағамдардан дәм татып, концерттік бағдарлама тамашалап қана қоймай, ерекше экспонаттармен де танысты. 

Соның бірі – Еуропадан арнайы әкелінген суперкар – Lamborghini Huracan.

Бұл автокөлік 2025 жылғы Lamborghini Super Trofeo World Finals жарысының әлем чемпионы атанған қазақстандық ARTLine Kazakhstan командасына тиесілі. Былтыр Италияның Мизано қаласының әйгілі тасжолында Шота Абхазава мен Егор Оруджевтің экипажы басқаларды басып озып, жеңімпаз атанған еді. Тұрғындар көзге түсе бермейтін көлік түрін қызыға тамашалап, суретке түсті. Жиналғандарға қазақстандық автоспорттың жетістіктері жайында да айтылды. 

Байрақты додада алдына жан салмаған темір тұлпарды көзбен көру көпшілікке берілген бірегей мүмкіндік десе де болады. 

Сонымен қатар, алаңда бес ретро көлікті де көруге мүмкіндік болды, олар да келушілердің назарын өзіне аударды.

Айта кетейік, суперкардың мерекелік бағдарламаға қосылуы кездейсоқ емес. Бұл – ауқымды жобаның бір бөлігі: өңірде Texol MotorLand Atyrau автоспорт кешенін салу жоспарланып отыр.

Осылайша Атыраудағы биылғы Наурыз ұлттық дәстүрдің мерекесі ғана емес, заманауи, жарқын көрмелер алаңына айналды.

А. ХАМИТТЕГІ
26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41509