Оңалту жұмыстары жалғаса береді

Оңалту жұмыстары жалғаса береді

Жыл басынан бері Атырау облысында 8 872 мүгедектігі бар адамға техникалық оңалту құралдары берілді. Оларға протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмек көрсетіліп, тифлотехникалық құралдар берілді. Сондай-ақ арнаулы жүріп-тұру қызметі ұйымдастырылып, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Ал, 1 415 адам санаторий-курорттық емделуге жолдама алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

– Мүгедектігі бар азаматтарға жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтері де ұсынылды. Жалпы жыл басынан бері өңірдегі мүгедектерді сауықтыру орталығы мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары арқылы мыңнан астам адамға қажетті әлеуметтік қызмет көрсетілді, – деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар   басқармасының  басшысы Полымбет       Хасанов. 

Әлеуметтік қолдау шаралары аясында облыста 171 инватакси қызмет көрсетуде. Бұл қызмет қозғалысы шектеулі азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беріп отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Атырау қаласында жаңа «Алмалы» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы салынып, 1 маусымнан бастап пайдалануға берілді. Заманауи орталықта мүгедектігі бар балалар мен ересектерге әлеуметтік оңалту қызметтері көрсетіледі.

Өңірде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау шаралары жалғасып келеді. Биыл үйде оқытылатын 406 балаға 43 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленген.

 

А. ХАМИТТЕГІ
19.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25900
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25347
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42751
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38583
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43147