Оғыланды Бекет атаның Наурызға мөртаңбасы

Оғыланды Бекет атаның  Наурызға мөртаңбасы

Қазақтың кең-байтақ өңірінің Батыс аймағында тарихи-мәдени ескерткіштер, жерасты ғимараты, бірнеше мешіті тіркеліп, республикалық маңызы бар болып, мемлекеттік қорғауға алынған. Соның ішіндегі алыс аймақта жайласқан, таулы ландшафт көркімен көз тартқан Оғыланды Бекет ата мешітіне қысы-жазы, күндіз-түні бірі қызықтап, туристік маршрут етсе, енді бірі табиғаттың тылсым дүниесі пішімдеп қойған табиғи көрінісінен көз тартуы толастаған емес. Әсіресе, Бекет ата өзі жерленген жерасты ғимараты сәулеттілік жағынан да, архитектуралық жағынан да көшпенділердің ағаш киіз үйін қара тастан қашап, келешек ұрпаққа мәңгі мұрасын бұлтартпайтын ғылыми жобамен жаратылыстың құдіретін көркемдеп, ізін қалдырған.

Дүниежүзіне әйгілі Әл-Фараби пәлсапасында «адам баласының оқып, білім алатын кітабы, оқулығы, мөртаңбасы – табиғат» деген ұғым орын алған, – деп А. Машанов көрсетіп жазған.

Менің сіздермен ой бөліскім келгені: қазақтың Наурыз мерекесін тойлауы 13-14 күні – Айтуған, 14-20 күні – Күн туған аспан сайрандары тоғысса, 21-22 күні Жұлдыздар тоғысуы, «Тоқты» шоқ жұлдызы жаңа Жылқы жылының басына енеді.

Міне, көшпенділердің табиғат тілін Бекет ата аспан 18000 ғаламдық жаратылысын «Әл-Хисаб» симметриялық, геометриялық сызба жұмыстары, күн мен түн теңеседі, бәрі-бәрі «Әл-Мухси» ешбір айна-қатесіз астрологиялық, биологиялық, космогониялық таным-түсініктерді табиғат тілімен көркемдеген...

Әрине, Құдай Тағала жолында Тәңірі берген қасиетті бейімділігімен бүгінгі таңдағы тартыс, озбырлық, өктемдік, көреалмаушылық, үрей, қорқыныш, мұқтаждық, менменшілдік, тәкаппарлық, надандық т.б. адам баласының басынан, тірі пенделер өзара мойын ұсынбаушылық болатынын біліп-болжап кеткен...

Қасиетті Құранда 96 – «Алақ» сүресінде:

«Оқы! Жаратқан Иемнің атымен оқы!» – 1-аят.

«Адамды ол ұйыған қаннан жаратты» – 2-аят.

«Оқы, сенің Тәңірің – ең ардақты!» – 3-аят.

«Ол қаламмен жазуды үйретті» – 4-аят.

«Сенің соңғы барар жерің – Тәңірдің алды» – 8-аят, – деп Құранда жазылған.

Әбіш Кекілбаев: ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, бұл дүниенің тепе-тең, антонимді-синонимді сөздерін Бекет ата қалай «аса таяғын» қолданғанын бағалап, еңбегін өсиет етуге, Бейнеу Бекет ата мешітінде арнайы стелла ескерткіш орнатты!

Білім, ғылымды меңгеру тек қана жаратылыстың өзі бейім етіп жаратқан адамға, яғни Құдай Тағала қолдағанға нәсіп еткен. Сондықтан оның Оғыланды Бекет ата мешітін «расытханасы» деп атауды жөн көрдім.

Бекет ата «Көк асасы» ҒТП, ҒТР негізінде пульт жүйесіне негізделген, «Цифрлы Қазақстан» үшін жаңа ғаламға бағдар ашуда.

Өзінің замандасына «Көк аса таяғымен» әртүрлі керемет жағдайларды таңғажайып түрде жүргізіп отырған. Мысалы: Қытайдың «Кунфуциан», «Инц-Цзын» іліміндегі ғылыми болжамдар, 8 х 8 = 64 ұялы матрица, қазақтардың қарапайым «Тоғыз құмалақ» ашуы; 3 х 3 = 9 ұялы матрицалық сөз жүйесі болса, Бекет ата бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданысы 25 х 25 = 625 ұялы матрицалық хабарын әп-сәтте тиянақты, дәлме-дәл, түп-тура диагностикалық түрде, бірнеше секундтық уақыт мерзімінде, жарық жылдамдылығымен орындалатын болған!

Міне, осы уақытқа дейін діни танымдары басым, тіпті ғалымдарымыз да мистика ұғымынан әрі асып кете алмай жүргені белгілі...

Сондықтан, көк аспандағы Темірқазық шоқ жұлдызы, Бекет ата «Көк асасы» аспан әлемін алақандағыдай басқаруға Алла құдіретімен қасиет берген!

Қазақтың киіз үйін жаратушы Тәңірдің бұйрығымен болған жағдайды тас қашау өнері жолымен көзі қарақты, көкірегі ояу адамдарға, яғни ғылым тілінде безендіріп, мәңгі мұрасын қалдырған.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – Бекет ата мұраларын өркендеудің ғылыми жолын «Санды Қазақстан» экономикалық саясаты кезінде жерасты ғимаратын тарихи-мәдени, яғни тәрбиелік оқу орнына айналдырып, оқытуды жүзеге асыру.

Жанашыр жақсылар көп болсын!

Ұлыстың ұлы күндері Жылқы жылымен құт-береке әкелсін!

 

Сәрсенбай ЕРҚАСЫМОВ,

 тарихшы, этнограф

 

27.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23832
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37219
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41511