Маңғыстауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Маңғыстауда   «Таза Қазақстан»   экологиялық   акциясы жалғасуда

«Таза қазақстан» экологиялық акциясы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға қамқорлықты оятуға ықпал етеді. Жуырда Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өңірдегі республикалық экологиялық акцияны жүзеге асыру барысы талқыланды. Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев облыс аумағында атқарылған тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті.

«Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылы  заңсыз төгілген ірі қоқыс үйінділерінің 115 нүктесі анықталса,   2025 жылы бұл көрсеткіш 65 нүктеге азайды. Биыл науқан аясында экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркеу үшін бейнекамералар орнату, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, қала және ауылдық елді мекендерді көгалдандыру және күтім жасау, қоғамдық орындарға экобокстар мен фандоматтар орнату, экологиялық байқаулар өткізу жоспарланып отыр.  Акция барысында халықпен кері байланыстың тиімді құралы ретінде «Таза Қазақстан» чат-ботына  жергілікті мекеннің экологиялық мәселелері туралы 765 өтінім келіп түсті. Нақтылап айтар болсақ, биыл  сәуір айына дейін 51 өтінім қабылданды, – деді Армат Жүсіпқалиев.

Ал Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова барлық өңірді қамтыған акция қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алғанын атап өтіп,  табиғатқа жанашыр еріктілердің қатары толығып жатқанын айтты.

– Бүгінде әр ауданға қарасты ауылдарда еріктілер тобы құрылған. Таза Қазақстан» көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін  түсінген жөн. Биыл  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес көктемгі және күзгі сенбіліктер өткізу көзделген. Тазалық іс-шаралары қоғамдық орындардың тазалығының жақсаруына, табиғи аумақтардың экологиялық жағдайының оңалуына, жасыл желек қорының артуына, сондай-ақ халықтың экологиялық жауапкершілігінің күшеюіне оң ықпал етеді. Аталған іс-шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, көгалдандыру көлемін арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, – деді Әсел Балманова.

Сондай-ақ Ақтау қалалық тұрғын үй коммуникалдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Ғазиз Сағынғалиев қалада атқарылған санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жайлы баяндады.

 – Экоакция аясында Ақтау қаласының бірқатар шағынауданында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме келісімшарт аясында саябақтарды, аллеяларды және теңіз жағалауын тазалайды. Сондай-ақ, шағынауданішілік жолдарға шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Ғазиз Сағынғалиев.

Сонымен, қоса Каспий теңізі жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізу әлі де жалғасып жатыр.  Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық батамасы аясында ұйымдастырылып, өңірдің табиғи келбетін сақтауға бағытталған. Қазіргі таңда теңіз жағалауы аумағы балдырлардан, лай мен тастардан, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды. Тазалық жұмыстарына арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, жағалаудың эстетикалық және санитарлық жағдайын жақсартуға ерекше  мән берілді. 

Аталған жұмыстар Ақтау қаласының 4 «А» шағынауданында жеке кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асты. Игі бастамаға қолдау білдірген кәсіпкер өңірдегі экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлесін қосып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – демалыс аймақтарының тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жазғы маусым қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Тазартылған жағалау туристік тартымдылықты арттырып, қала келбетінің көркеюіне де оң әсер етеді. Сонымен қатар мұндай экологиялық іс-шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтіп, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Жауапты мамандар алдағы уақытта да жағалау аймақтарында тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Тазалық – тек арнайы қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан мамандар тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырады.

Голрох Жеменей

01.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24161
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23830
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37216
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41509