«Жасыл экономика» тұжырымдамасы іске кірісті
2013 жылдан бастап елімізде «Жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы аясында аталмыш модель белсенді түрде жұмыс істеуде. «Жасыл экономика» тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның бұл салаға көшуі экономиканың тұрақты дамуын көздейді. Жасыл экономика – бұл қоршаған ортаға зиянды барынша азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы адамдардың әл-ауқатын жақсартуды қарастырады. Мұнда экологиялық таза технологиялар қолданылып, парниктік газдарды азайтып және сарқылмайтын энергия көздерін пайдаланады.
Негізгі бағыттары мен мақсаттары:
-ресурстарды үнемдеу: табиғи қорларды (мұнай, газ) сарқымай, дұрыс жеткізу;
- экологиялық таза технологиялар: күн, жел энергиясы секілді жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) жеделдету;
- қалдықтарды басқару: қалдықтарды қайта өңдеп, кәріз суларын тазарту;
- эко-көлік: зиянсыз көліктерді (электромобильдер) іске қосу;
- тұрақты даму: экономикалық пайда мен табиғатқа жауапкершілікті дамыту;
Жасыл энергетика дегеніміз – қоршаған ортаға зияны жоқ, табиғи (жел, күн, су) қуат көздері арқылы пайдалану. 2050 жылға дейін еліміз энергияның жартысын осы көздерден алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) жобаларын, жел турбиналары мен энергия сақтау зауыттарын дамыту қолға алынуда.
Мақсаты қандай?
- күн энергиясы: күн электр станцияларын (КЭС) орнату;
- жел энергиясы: жел электр станцияларын (ЖЭС) дамыту, Envision Energy-мен бірлескен жобаларды шешу;
- су энергиясы: шағын және үлкен су электр станцияларын (СЭС) салу.
- экология: парниктік газдар шығарындыларын азайту және таза энергияға көшу;
- экономика: 2050 жылға қарай энергия өндірудегі ЖЭК үлесін 50%-ға жеткізу;
Газдандыру жұмыстары жандануда
Елімізде газдандыру жұмыстары жақсы жүруде. Астана, Қосшы, Қарағанды және Алматы облыстары мен өңірлерде көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй көгілдір отынға қосылуда. 2030 жылға дейін елді мекендерді толықтай газбен қамту жоспарланды. Осы жобалар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» сияқты магистральдық құбырлар арқылы жүзеге асуда.
Негізгі бағыттары:
- Астана: «Шұбар», «Үркер», «Өндіріс», «Пригородный» және «Garden Village» тұрғын массивтерінде жұмыстар толық бітуде;
- Қарағанды облысы: Теміртауда жоба аяқталып, Шахтинскте желілер салу жұмыстары жүруде;
- Алматы өңірі: Алматы – Талдықорған, Алмат ы –Байсерке – Талғар магистральдары арқылы елді мекендердің 77%-ы газдандырылған;
- Қосшы: бірінші кезең аясында 192 шақырым құбыр тартылып, 30 мыңнан астам тұрғынға газ таратылды.
Жұмыс ерекшеліктері:
- құрылыс: орта және төмен қысымды газ тарату желілері мен газ реттеу пункттері салынуда;
- мерзімі: негізгі газдандыру жұмыстарын 2030 жылға дейін толық бітіру жоспарда тұр;
- қаржыландыру: мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі және жеке инвестициялар белсенді іске асырылуда.
Атом энергетикасы – жауапты процесс
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі уран өндіру мен атом энергиясын пайдалану саласын реттейді. Елімізде АЭС салу мәселесі әлі де талқылануда. Осы жағдайда мақсат – электр энергиясының тапшылығын жойып, елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ете алады. Қазақстанда технологиялық қауіпсіздік пен радиоактивті қалдықтарды дұрыс басқаруды талап ететін жауапты процесс – Атом энергетикасын дамыту болып табылады.
Атом энергетикасы – жоғары қуаттылыққа ие маңызды сала. Яғни уран секілді ядролық отынның бөлінуі арқылы электр энергиясын өндіріп, көмірқышқыл газын шығармайды. Экологиялық таза да тұрақты энергия көзі ретінде елдердің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтеді. Ол Франция, АҚШ, Ресей сияқты шетелдерде негізгі энергия көзі болып саналады.
Атом энергетикасының негізгі ерекшеліктері:
- жоғары тиімділік: дәстүрлі отын түрлерінен әлдеқайда тиімді; 1 келі уран өте көп мөлшерде энергия шығарады;
- экология: климаттың өзгеруімен күресіп, жұмыс істеп тұрғанда атмосфераға парниктік газдарды шығармайды;
- тұрақтылық: атом электр станциялары (АЭС) тәулік бойы үздіксіз электр энергиясын өндіріп, ауа райына (жел, күн) тәуелсіз болады.
Дайындаған –
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ













