Лық толы көрермен залы мен зор қошемет: «Астана Балет» театрының Алматыдағы гастролі ойдағыдай өтті

Лық толы көрермен залы мен зор қошемет: «Астана Балет» театрының  Алматыдағы гастролі ойдағыдай өтті

«Астана Балет» театры Алматыдағы жыл сайынғы гастрольдік сапарын табысты аяқтады. 2-7 мамыр аралығында Almaty Theatre сахнасында елордалық ұжым көпшіліктің қызығушылығын тудырған жарқын қойылымдарын паш етті. Барлық спектакльдер заманауи қазақстандық балет өнеріне деген көрермен қауымның зор ілтипатын растай отырып, толық аншлагпен өтті.

«Театр үшін орындаушылық деңгейін биік ұстап қана қоймай, көркемдік көкжиегін үнемі кеңейтіп отыру аса маңызды. Биыл біз алматылық көрерменге шығармашылық ізденісімізді және көрерменмен заманауи сахна тілінде сөйлеуге деген ұмтылысымызды көрсететін жаңа қойылымдарды ұсындық. Біз гастрольдер қалың көпшіліктің осындай ықыласын тудырғанына қуаныштымыз», деп атап өтті театр директоры Таир Қаратаев.

Гастроль шымылдығы биыл күзде премьерасы өткен екі актілі «Қос кілем» балетімен ашылды. Ежелгі Әзірбайжанның Ширван кілемі туралы аңызына негізделген ауқымды қойылым көрермен қауымды рәміздер әлеміне, адам тағдырына және терең сезімге бөледі. Уақыт, соғыс және көз жазып қалу сынақтарынан өткен махаббат хикаясы қойылымның көркем пластикалық тілінің арқасында көрермен қауымның зор қошеметіне ие болды. Либретто авторы әрі жобаның идеялық бастамашысы – Валерий Копейкин, қоюшы-режиссер әрі хореограф – Александр Могилев.

6-7 мамырда көрсетілген «Carmina Burana» балет-кантатасы гастрольдің шарықтау шегіне айналды. «2025 жылдың үздік қойылымы» атағына ие болған қойылым балет, хор, оркестр және солистерді бір сахнада біріктіріп, ауқымды синтетикалық сахна әрекетін жасады. Махаббат, азғыру, рухани таңдау және қарама-қайшылықтардың күресінің мәңгілік тақырыбына арналған қойылым көрермен қауымның қошеметіне бөленді.

Қоюшы-хореографтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және театрдың бас балетмейстері Мукарам Абубахриева мен Тимур Загидуллин. Музыкалық сүйемелдеуді бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі оркестр, хор және солистер орындады. Қойылымда опера солистері – баритон Әділ Сұлтан, тенор Талғат Аллабиринов және сопрано Фируза Рахметова өнер көрсетті. Қойылымға бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Темірбекованың жетекшілігімен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының хоры да қатысты.

«Алматыға гастрольдік сапар театрымыз үшін ерекше оқиға. Біз көрермен қауымның ілтипаты үшін, толық залдар және шынайы эмоциялар үшін алғыс айтамыз. Біз үшін жаңа қойылымдардың Алматы көрерменінің осындай шынайы ықыласын тудырғаны өте маңызды», – деген ойымен бөлісті, театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.

«Астана Балет» гастрольдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп, көктем маусымының жарқын мәдени оқиғаларының біріне айналды.

11.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25030
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24576
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42011
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37876
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42333