КОРЕЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

КОРЕЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің құрылысы жүріп жатыр. Білім саласындағы бұл маңызды жобаны Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров заманауи оқу орнын қалыптастыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты жиналыс өткізді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыс орталығынан «Woosong» университетінің филиалын биыл ашамыз. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тұрақты қадағалап, оқу ордасын ашу ісін жоспарға сай жүргізіңіздер. Бұл – біздің жастарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Білікті профессорлармен, материалдық-техникалық базамен, оқу құралдарымен қамтылуы назарда болсын. Жұмысты сапалы әрі уақытылы атқару қажет, – деді облыс басшысы. 

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Республикасының «WOOSONG» білім қоры арасында Түркістанда «WOOSONG» университетінің ақпараттық технологиялар саласындағы университетін құру туралы келісім жасалған. Бұған қатысты меморандумға өткен жылдың сәуір айында қол қойылған. Ал сол жылдың 1 шілдесінде «Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат салу» инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде бірлескен қызмет туралы келісім жасалды. Ғимарат құрылысы биылғы маусым айында аяқталуы тиіс, ол осы ай соңында тапсырылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда 130 адам жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде университет филиалының оқу бағдарламаларын анықтау, ҚР мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкестендіру, реестрге енгізу жұмыстары жүйеленуде. 

Оқу орны 2340 студентке дейін қабылдай алады деп күтілуде. Студенттер «Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Төртінші дүниежүзілік ІТ өнеркәсіптік революция (ақылды зауыт)», «Мультимедиа және веб дизайн» факультеттерінде білім алады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Студенттер үшін жергілікті жеке кәсіпкер есебінен 600 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
08.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13946
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13897
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29029
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27688
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31202