Құрметті Сәуле Мешітбайқызы!
Сексен жылдық ғибратты ғұмырыңыздың елеулі бөлігі елге қызмет етуге, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамның рухани дамуына арналды. Ұстаз ретінде талай шәкірттің жүрегіне білім мен ізгіліктің дәнін сепсеңіз, қаламы жүйрік отаншыл журналист ретінде қазақ журналистикасының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қостыңыз.
Сіз үшін журналистика – жай ғана кәсіп емес, халықтың сөзін сөйлеп, елдің мұң-мұқтажын жеткізетін үлкен жауапкершілік болды. Қаламыңыздан туған өткір мақалаларыңыз арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың көкейіндегі ойды дөп баса білуіңізбен әрдайым биіктен көріндіңіз. Сіздің әрбір мақалаңыздан елге деген жанашырлық, туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік айқын аңғарылды. Өз ісіңізге адалдықтың, кәсіби шеберлік пен табандылықтың озық үлгісін көрсете отырып, қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба қалдырдыңыз.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілеймін. Әрдайым ел-жұрттың құрметіне бөленіп, абырой-беделіңіз арта берсін! Жүз жасаңыз! Мерейіңіз үстем, ғұмырыңыз ғибратты болсын!
Ізгі ниетпен,
Әзімбек ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ,
Түркістан қаласының әкімі














