Гендерлік теңдік бізге керек пе?

Гендерлік теңдік  бізге керек пе?

БҰҰДБ-ның 2022-2025 жылдарға арналған   стратегиялық жоспарымен сәйкестендірілген гендерлік теңдікті қамтамасыз ету стратегиясы  аталған міндеттемелерді орындауда маңызды рөл атқарады.  Ол негізінен гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту саласындағы прогресті жеделдетуде елдер мен қауымдастықтарға қолдау көрсету жолдарын қолдайды. Ол мемлекеттік мекемелерге кедейлік пен теңсіздік, басқару, тұрақтылық, қоршаған орта, энергия және гендерлік теңдік мәселелері бойынша алты шешім арқылы теріс гендерлік нормаларды әлсіретуге бағытталған жаңа буын саясатын жүргізуде қолдау көрсетуге бағытталған.  

БҰҰДБ гендерлік теңдік қағидаттарын өз жұмысының барлық салаларына кіргізеді. 2020 жылдың маусым айында Гендерлік теңдік белгісінің Күміс сертификатын алды. Себебі Қазақстандағы БҰҰДБ өз бағдарламаларында, әріптестіктерінде, коммуникацияларында және азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғауда, басқару жүйелерінде, ішкі орта мен персоналдың мүмкіндіктерінде гендерлік проблематиканы ескеріп, бірқатар жоғары стандарттарына сәйкес келді. 

Сонымен гендерлік саясат бізге керек пе деген сұрақ туындайды.  Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына нысаналы индикаторлары мен Тұжырымдаманың стратегиялары енеді. Әйелдердің денсаулығын сақтауға, ұрпақты болу, балалар мен әйелдерге қатысты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ерлер мен әйелдердің тең жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, гендерлік білімді жетілдіруге және отбасы институтын нығайтуға белгіленген жұмыстар жоспарланды. Гендерлік қажеттіліктерді бағалау картасы да даярлануда.

Мемлекеттік сектордағы шешімдер қабылдау үдерістеріне тартылған әйелдердің үлесін арттыру Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы мақсаттарының бірі болып саналады. Әйелдерді әлемде болып жатқан түрлі қақтығыстардың алдын алу және шешу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету істеріне  белсендірек тарту жұмыстары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарында және оған ілеспе бағдарламалық құжаттарда көрсетілген. Ол гендерлік теңдікті  іске асырудың басқа да маңызды құрамдас бөліктері қоғамда, оның ішінде қазіргі қызметкерлер арасында теңдік идеологиясын насихаттау  мен гендерлік көзқарасты қалыптастыру болып табылады екен.

    

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
16.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15503
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15387
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30536
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29167
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32736