Референдум

Емханадағы күндізгі стационар: сапа, қолжетімділік, қамқорлық

Емханадағы күндізгі стационар:  сапа, қолжетімділік, қамқорлық

Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі тиімді әрі ыңғайлы болуға ұмтылады. Солардың бірі – күндізгі стационар, яғни ауруханада жатқандай емдеу мүмкіндігі, бірақ үйге қайтуға мүмкіндік беретін формат.

Біз Алматы қаласында №10 қалалық емхананың Күндізгі  стационар  бөлімінің  терапевт  дәрігері Болатова  Гүлжан   Қуатқызынан күндізгі стационардың қалай жұмыс істейтіндігі туралы сұрап білген едік.

«Алматыдағы №10 қалалық емхана (Әуэзов ауданы, Ақсай-4, 17-үй) бірнеше бөлімнен тұрады: терапия, әйелдер консультациясы, амбулаториялық хирургия және т.б. Бұл жүйе созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдардан бастап, жүктіліктегі аналарға дейін қызмет көрсетеді. Науқас таңертең келіп, қажетті процедура мен емін алады да, кешке үйіне қайтады», – деп түсіндірді Гүлжан   Қуатқызы.

Кімдерге арналған?

⁕ Созылмалы аурулары барлар (гипертония, диабет, бронх демікпесі, остеохондроз);

⁕ Отадан кейінгі оңалтуды қажет ететіндер;

⁕ Жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі әйелдер;

⁕  Егде жастағы адамдар;

⁕ Физиоем, массаж, емдік дене шынықтыру қабылдаушылар;

⁕ Тамшылатпа, екпе, инфузиялық терапия қажет ететіндер.

 

Артықшылықтары:

⁕ Жайлылық: үй жағдайында емделуге мүмкіндік;

⁕ Уақыт үнемдеу: тек процедура кезінде емханаға бару жеткілікті;

⁕  Инфекция қаупінің төмендігі;

⁕ Дәрігер бақылауы: ем шаралары мамандардың қадағалауында;

⁕ Қолжетімділік: қызметтер МӘМС арқылы тегін көрсетіледі.

№10 емхана Ақсай және Жетісу шағынаудандарының 63 000-нан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Мұнда отбасылық денсаулық, балалар мен жастарға арналған бөлімдер, әйелдер консультациясы, амбулаториялық хирургия, физиотерапия, зертхана, УДЗ, рентген, маммография, флюорография қызметтері бар. Сонымен қатар, «Қант диабеті мектебі», «Гипертония мектебі», «Босануға дайындық мектебі» сияқты алдын алу бағдарламалары жұмыс істейді.

Емделуші 64 жастағы Айман апай: «Бұрын стационарда жатып ем алуға тура келетін. Қазір таңертең келемін, емімді аламын, түске дейін үйге қайтамын. Өте ыңғайлы. Дәрігерлер мұқият, бәрін түсіндіреді», – дейді разылығын білдіріп.

Қалай жазылуға болады? Алдымен учаскелік дәрігерге жүгініп, көрсетілімге сәйкес жолдама алу қажет. Қызмет МӘМС арқылы тегін көрсетіледі.

Күндізгі стационар – жайлы, қолжетімді, қауіпсіз ем алу форматы. Бұл әсіресе егде жастағылар, балаларымен жүрген ата-аналар және белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар үшін таптырмас шешім. №10 емхана – қазіргі заманғы қалалық медицинаның үлгісі: кезексіз, көңіл бөлетін, сапалы және жаңа форматтағы қызмет ұсынатын мекеме.

  Аяужан  ЖАЙЛАУҚЫЗЫ,

Алматы  қаласы

 

12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23836
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23506
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40576
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36948
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41184