Электр желілері жаңартылады

Электр желілері жаңартылады

Атырау облысында электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл «Атырау Жарық» ЖШС «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 24,7 млрд теңгелік 9 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 403 шақырым желі жаңартылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр. 

«Атырау Жарық» ЖШС директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары Бағытжан Әліповтың айтуынша, ұлттық жоба электр желілеріндегі шығын мен тозу деңгейін төмендетуді көздейтін технологиялық нәтижелерге қол жеткізуді, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатын көздейді. 

– Мердігер компания – «ГурьевПроектМонтажСтрой» ЖШС. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба шеңберінде Құлсары қаласындағы 110 кВ әуе желісі, Мақат кентіндегі 35 кВ желі және Атырау қаласында төрт желі жаңғыртылады. Сонымен қатар қуаты жоғары жаңа күштік трансформаторлар орнатылып, 6-10 кВ электр желілері мен трансформаторлық қосалқы станциялар жаңартылады. Бұдан бөлек, SCADA автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу қарастырылған, – деді Б. Әліпов.

Қазір өңірдегі электр желілерінің тозу деңгейі 67,3 пайызға тең. Бағдарлама толық іске асқан соң көрсеткіш 5 пайызға төмендемек. Бүгінде жаңғыртудың келесі кезеңіне дайындық басталып кетті. 2027 жылы тағы 838 шақырым электр желісін жаңарту жоспарланған.

А. ХАМИТТЕГІ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448