«Ексең егін – ішерсің тегін»

«Ексең егін – ішерсің тегін»

Биыл Индер ауданында 1805 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіледі. Оның ішінде 77 гектарға картоп, 500 гектарға көкөніс, 228 гектарға бақша дақылдары және 1000 гектарға жоңышқа өсіріледі. Қазір жер жырту жұмыстары толық аяқталып, шаруашылықтар көктемгі егіс науқанын бастап кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр. 

Аудандағы Алғабас-Жорық, Құрайлысай, Бағырлай және Ақсай каналдары арқылы егін шаруашылығымен айналысатын диқандар суармалы сумен толық қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, 3 мың гектар алқапқа жаңбырлатып суару үшін «Aiya Agro» компаниясы 10 суару агрегатын орнатқан. Қазір нысандарды электр желісіне қосу және қоршау жұмыстары ұйымдастырылуда.

Индер аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мәмбетқали Құсайыновтың айтуынша, жоба аясында қант қызылшасы мен майлы зығыр дақылдарын өсіру, сондай-ақ мал азығына қажетті жоңышқа алқабын ұлғайту көзделген. Ал, былтыр ауданда 1387 гектар егіс көлемі толық игерілген.

 

А. ХАМИТТЕГІ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448