Экономиканы әртараптандырудың жаңа өзегі

Экономиканы әртараптандырудың жаңа өзегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Туризм – экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыты, ол елге жаңа инвестиция, жаңа жұмыс орындарын, жаңа мәдени серпін әкелуі тиіс», – деп атап өтті.

Бұл тапсырма аймақтар үшін де стратегиялық бағдарға айналып отыр. Себебі туризм тек қызмет көрсету саласының емес, тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін арттырады. Соңғы жылдары Ұлытау облысы осы бағытта елеулі қадамдар жасап келеді.

 

Инвестиция мен қызмет – өсім үстінде

 

Жыл басынан бері облыстың туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 645,6 млн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп.

Қонақүй мен орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі де артып, 2025 жылдың алғашқы жартысында 140,7 млн теңгені құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 30%-дық өсім. 6 мыңнан астам туристке қызмет көрсетілген, оның ішінде 240-ы – шетелдік саяхатшылар.

Соңғы жылы қонақүй бөлмелері саны 33 бірлікке көбейіп, жалпы 309 нөмірге жетті. Бір реттік төсек-орын сыйымдылығы да артып, 540 орынға дейін жеткен. Бұл – облыстың туризм инфрақұрылымына жасалған маңызды қадам.

 

Жаңа қонақ үйлер – жаңа мүмкіндік

 

Туристер саны жыл сайын өсіп келе жатқандықтан, жаңа қонақүй кешендерін салу күн тәртібінде тұр. Биыл құны 1,9 млрд теңгені құрайтын үш нысан пайдалануға беріледі. Оның бірі – Жезқазған қаласындағы «Вояж» қонақ үйі (1 млрд тг). Екіншісі – Жезқазған –Қызылорда тас жолындағы жол бойы кешені (Дильдебаев ЖК). Үшіншісі – Ұлытау ауданындағы қонақүй және асхана кешені (Бабатаева ЖК).

Өткен жылы да жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын 3 қонақүй пайдалануға берілген болатын («Хан Ордасы», «Жібек жолы», «Индира»).

 

Табиғи туризм: «Дала энергиясы» жобасы

 

Ұлытаудың табиғи, тарихи әлеуетін тек Қазақстанға ғана емес, халықаралық деңгейге шығару бағытында да нақты жобалар қолға алынуда. Соның бірі – «Дала энергиясы» атты джип-тур. Бұл бастама өңірдің экотуризмін, тарихи орындарын, табиғи байлығын әлемге таныстыруға бағытталған.

Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен Тасбұлақ бастауы абаттандырылып, демалыс аймағы ретінде қолданысқа берілді.

 

Жол – туризмнің  күретамыры

 

Туризмнің дамуы ең алдымен жолға байланысты. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Жезқазған – Қорғанбай – Жошыхан (18 шақырым) және Ұлытау – Сарлық – Хан Ордасы (4 шақырым) бағыттарындағы жолдарға қатысты құжаттар әзірленуде. Бұл тарихи-мәдени туризмге жаңа тыныс бермек.

Осындай ілкімді істердің нәтижесінде соңғы жылдары туристер санының тұрақты өсімі байқалады. «Енді бізге инфрақұрылымды күшейтіп, халықаралық деңгейде тартымды жобалар әзірлеу маңызды», – дейді өңірдегі сала мамандары.

Жалпы, экономист-сарапшылардың пікірінше, туризм – жергілікті халықты жұмыспен қамтудың ең тиімді салаларының бірі. Әр жаңа қонақүй, әр жаңа бағыт – ондаған жаңа жұмыс орны.

Түйін: Туризм – тек экономикалық пайда көзі ғана емес, ұлттық мәдениетті әлемге танытудың жолы. Ұлытау – тарихы терең, табиғаты бай өлке. Бұл әлеуетті дұрыс пайдалану арқылы өңірдің бренді қалыптасып, халықаралық деңгейде танылатыны анық. Осы бағыттағы Президенттің тапсырмасы – біз үшін бағдаршам. Туризмді дамытсақ, экономикамыз әртараптанып қана қоймай, Ұлытаудың даңқы алысқа жайылады.

Сондай-ақ, Ұлытауға сапар шегу – тарихпен тілдесу, табиғатпен сырласу, өзімізді тану. Әрбір саяхат – туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Бүгінгі бастамалар – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық.

Ұлытауға саяхаттаңыз – тарихпен тілдесіңіз, тамырыңызға оралыңыз! Туризм – тек саяхат емес, елдің бренді.

 

 Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Ұлытау облысы

 

29.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 239
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 379
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 226
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33213
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31766
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35459