Еділді мандатынан айырғысы келіп жүргендер кімдер?

Еділді  мандатынан айырғысы  келіп  жүргендер  кімдер?

Соңғы күндері қоғам ішінде Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин бауырымызға қатысты «мандатынан айырылды», «кетеді» деген алыпқашпа әңгімелер қайта-қайта өршіп, нақты мәселені көлеңкеде қалдырып бара жатқандай әсер қалдыруда. Мұндай даурықпа сөздер – ел ішіндегі салмақты пікірді жойып, эмоцияны қоздыратын қауіпті үрдіске айналып отыр.

Жалпы мынаны түсінейікші, Қазақстанда депутаттық мандат «біреуге ұнамады» деген себеппен алынып қалмайды. Ол үшін нақты құқықтық негіз қажет. Демек, кез келген шешім заңға, дәлелге сүйенуі тиіс. 

Ендеше, не үшін «кетеді, кетеді» деп айқайға басып жатырсыздар? Мәселе Еділде ме, әлде ол көтеріп жүрген тақырыптарда ма?

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жүрген негізгі түйін –

41 мың адамды ит қапты деген статистикада ма, жоқ әлде бюджеттен бөлінген 14,9 млрд теңгенің нақты игерілуіне қатысты күмәнде ме?

Бұл статистика – жалпы адамдардың тағдыры. Ауруханаға түскен балалар. Түн ұйқысын төрт бөліп, уайымдаған аналар. Тіпті ел ішінде ит талауынан қаза болған сәбилер туралы ауыр оқиғалар осы мәселенің айғағы емес пе? 

Осындай сәтте мәселенің өзін талқылау керек. 

Өткен кезеңдерде де Еділдің қоғам назарын аудартқан түрлі пікірлері болды: бір жағдайда мұнай компаниясы басшысына «екімен оқитын бала секілдісіз» деп айтылған өткір, эмоциялық сөздері қызу талқыға түсті, тағы бір кезеңде қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға қатысты, соның ішінде ЛГБТ мәселесіне байланысты айтылған ұстанымдары да қоғам ішінде әртүрлі реакция тудырды. Деседе ойланыңыз, мұндай даулы тақырыптарды көтеру екінің бірінің қолынан келмейді. 

Депутаттың негізгі міндеті – міне осы: қоғамдағы ауыр түйіндерді көтеру, бюджеттің әр теңгесіне есеп сұрау, ашықтықты талап ету. Өткір сұрақ қойған немесе өткір мәселе көтерген адамды «мандатынан айырамыз» деген атмосфера қалыптастырсақ, ертең шындығыңды кім айтады? Міне күшейген демократияның белгісі. 

Иә, әрине, қоғамда Еділдің мінезіне, сөйлеу мәнеріне қатысты сын айтылып жүр. Алайда мәселе көтеріліп отырған тақырыптардың өзегінде болуы шарт.

Сондықтанда заңға, сабырға сүйене отырып, әділ талқылауға шақырамын. 

Қалғаны – жай сыбыс ғана. Осындай сыбыстар қоғамның қай бағытқа бет алып бара жатқанын көрсететіндей. 

 

Бақытбек СМАҒҰЛ,

 «Qazaqstan Ardagerlery» қауымдастығының төрағасы

 

23.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24557
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24220
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41672
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37563
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41941