«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев қатысты.

Биыл сыйлыққа 504 өтінім түсті. Алдын ала тексеру қорытындысында оның 429-ы конкурстық комиссияның қарауына жіберілді.

Іріктеу 10 аталым бойынша жүргізіледі. Ең көп өтінім «Ғылым» – 119 және «Қоғамдық қызмет» – 75 аталымдары бойынша қабылданды. «Театр және кино» аталымына – 58, «Халық шығармашылығы» – 43, «Классикалық музыка» – 30, «Әдебиет» – 23, «Эстрада» және «Дизайн және бейнелеу өнері» аталымдарының әрқайсысына 22, «Спорт» – 20, «Журналистика» аталымына 17 өтінім түсті.

Комиссия құрамында Құрылтай депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері, кәсіпкерлер және Президенттік жастар кадр резервінің өкілдері бар.

Іріктеу екі кезеңнен тұрды. 27-29 қазан аралығында тиісті бағыттар бойынша алты секциялық отырыс өтті. Жиын қорытындысы негізінде комиссияның қорытынды отырысына ұсыныстар әзірленді.

Комиссия жұмысының нәтижесінде он номинацияның әрқайсысы бойынша екі адамнан барлығы 20 үміткер анықталды.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев комиссия мүшелеріне атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Министр үміткерлерді әділ әрі жан-жақты бағалаудың, еліміздегі талантты, бастамашыл жастарды қолдаудың маңызын атап өтті.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі 26 қарашада өтеді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылымда, шығармашылықта, қоғамдық қызмет пен спортта елеулі жетістікке жеткен талантты жастарды қолдау мақсатында 1992 жылы тағайындалған. Осы уақыттан бері түрлі салада еңбек ететін 400-ге жуық адам сыйлық иегері атанды.

Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

05.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29456
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29008
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46263
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46590