Балалар Қарағанды облысының 10 медициналық ұйымдарында көру қабілетін түзету курстарынан тегін өте алады

Балалар Қарағанды облысының 10 медициналық ұйымдарында көру қабілетін түзету курстарынан тегін өте алады

Жыл басынан бастап Қарағандының жаңаемханасында көру қабілеті бұзылған 165 бала ортоптикалық кабинетте емделді, оған ақы төлеугемедициналық сақтандыру қоры 3,8 млн теңгежіберді. Арнайы тренажерлардың көмегімен көруасимметриясы жойылады, бинокулярлық көруқалпына келеді және тұрақтандырылады, көздіңқозғалғыштығы жақсарады, көру өткірлігі артады. 

Емхананың Арсен атты 9 жастағы пациентіндемектептегі медициналық тексеру кезінде көруқабілетінің бұзылуы анықталды. Емханада толықтексеру кезінде дәрігер жеңіл дәрежелігиперметропия (гиперопия) диагнозын қойды. Балаға дәрі-дәрмек, ортоптикалық емдеу жәнекөзілдірік берілді.

- Емдеуге дейін тексеру кезінде бала түзетусіз5-ші жолды (көзілдіріксіз) және түзетумен 7-8-ші жолды көрді. 10 күн ортоптикалық емнен кейінбала түзетусіз 8-ші жолды, көзілдірікпен – 10-шы жолды көрді. Динамикасы жақсы, емдеужалғасады, курс әр 6 ай сайын, – дейдіофтальмолог Ақбөпе Тәждинова.

Қарағанды облысында 10 медициналық ұйымортоптикалық қызмет көрсетеді:

- "Optikon-KRG" ЖШС;

- "Жаңа емхана" ЖШС;

- "ПЛЮС" көру орталығы" ЖШС;

- "Қарағанды қаласының № 5 емханасы" КМК;

- "1-балалар емханасы" ЖШС;

- "Қарағанды қаласының № 1 көпсалалыауруханасы" КМК;

- "Қарағанды қаласының № 3 емханасы" КМК;

- "Гиппократ" медициналық фирмасы " ЖШС;

"Облыстық балалар клиникалық ауруханасы" КМК ОДБ.

Ортоптикалық емдеуді диагноз қойылғаннанкейін офтальмолог тағайындайды.

Жомарт Шаймұрат
24.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28295
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27777
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45138
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40783
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45463