Бакуда «Түрікменстанның бейтараптығы – бейбітшілік пен сенімнің жарқын жолы» кітабының таныстырылымы өтті

Бакуда «Түрікменстанның бейтараптығы – бейбітшілік пен сенімнің жарқын жолы» кітабының таныстырылымы өтті

2026 жылғы 23 қарашада Баку қаласында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың әзербайжан тілінде жарық көрген «Түрікменстанның бейтараптығы – бейбітшілік пен сенімнің жарқын жолы» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шарада Түрікменстанның Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гурбанмаммет Эльясов, Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Иса Габиббейли, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан кәсіподақтары конфедерациясы төрағасының орынбасары Муса Мирзaев, Өзбекстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахром Ашрафханов, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаттары Танзиля Рустамханлы мен Хикмет Бабаоғлу сөз сөйледі.

Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде кітаптың әзербайжан тілінде жарық көруінің айрықша маңызын атап өтіп, оны аудару ісіне Қордың да атсалысқанын жеткізді.

Сондай-ақ Қор президенті ұйымның байқаушы елі – Түрікменстанға қатысты жүзеге асырылып жатқан, түрікмен халқының бай мәдени мұрасын сақтауға және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға бағытталған баспа, ғылыми және мәдени жобалар туралы баяндады.

Сөз соңында Ақтоты Райымқұлова Түрікменстанның Әзербайжан Республикасындағы Елшілігіне және жеке Гурбанмаммет Эльясовқа Қордың қызметіне белсенді атсалысып, мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

24.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29826
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29383
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46609
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42180
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46958