Баға көтергендерге айыппұл салынады

Баға көтергендерге айыппұл салынады

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Жансая Дадынның айтуынша, өңірде азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарларға қойылатын 15 пайыздық шекті сауда үстемесінің сақталуына бақылау күшейтілген.

 – Биыл төрт айдың қорытындысы бойынша департамент тарапынан 46 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 7 айыппұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге салынды. Сонымен қатар 39 дерек бойынша сауда нысандарында тауар бағасының көрсетілмеу фактілері анықталды, – деді ол.

Сондай-ақ басшы орынбасары аймақта электрондық шот-фактуралар жүйесі арқылы азық-түлік бағасына талдау жүргізіліп жатқаны туралы атап өтті. Нәтижесінде сауда заңнамасын бұзу тәуекелдері мен өнімсіз делдалдар анықталған.

Сонымен қатар облыс әкімдігі жанындағы өңірлік комиссия апта сайын азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері комиссияның 26 отырысы өтіп, 10-ға жуық заңбұзушылық фактісі анықталған.

А. ХАМИТТЕГІ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448