Ксения Игнатова мен Глеб Коваления жүзуден жазғы Азия ойындарының финалдық кезеңіне өтті. Ксения әйелдер арасында 50 метрлік бәсекеде шалқалай жүзуден 7-орыннан көрініп, ақтық кезеңге жолдама алды. Ал ерлерден Глеб Коваления еркін әдіспен жүзуден мәреге 9-шы жетіп, финалда өнер көрсету мүмкіндігін иеленді. Сондай-ақ нысана көздеуден Қазақстан құрамасы үздік ондықтан көрінді. Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы күнінде 6 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі алтын, екеуі қола. Алдымен велоспорттан Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова топ жарса, каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева алтыннан алқа тақты. Ал триатлоннан Арлан Жаңабай мен қазіргі бессайыстан ерлер командасы қолаға қол созды. Дәл қазір жалпы командалық есепте Қытай 11 алтынмен көш бастап тұр. Жапония екінші орынға жайғасса, Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді. Қазақстан 4 алтын, 2 қола медальмен 4-сатыға жайғасты.














