Атыраулық жастарға – көпфункционалды орталық

Атыраулық жастарға – көпфункционалды орталық

Атырауда мәдениет және шығармашылық орталығының құрылысы толық аяқталып, жақын арада пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр. 

Жоба Атырау қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылған. Құрылыс жұмыстарын «БатысСтройСервис» ЖШС жүргізген. Жаңа орталық төрт қабатты заманауи ғимаратта орналасқан. Мұнда жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, түрлі мәдени және білім беру жобаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. 

– Орталықта 80 орындық үлкен зал, 32 орындық кіші зал, 19 орындық конференц-зал, 5 жаттығу кабинеті, сондай-ақ шығармашылық және оқу бөлмелері бар, – дейді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов. Сондай-ақ ол алдағы уақытта орталықта түрлі мәдени іс-шаралар, кездесулер, шеберлік сабақтары мен білім беру жобаларын өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

 

А. ХАМИТТЕГІ, Атырау облысы
18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23831
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41303
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37217
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41510