Өткен жылы Ақтөбе қаласында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды. Бұл нысандар қоғамдық көлік күту кезінде тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, аталған шарттар аялдамаларда кәсібін жүргізуге рұқсат етілетін кәсіпкерлермен жасалатын келісімшартта нақты көрсетіледі. Жылы аялдамалар – қоғамдық орын болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықтың сақталуы аса маңызды.
Аялдамалар сәулет бөлімі бекіткен эскизге сай салынған. Электр желісіне қосу үшін қажетті жер жұмыстарының кеш басталуына байланысты кейбір нысандар жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмеген. Қазіргі таңда электр қуатын тарту жұмыстары жалғасуда. Қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.















