Ақмола облысы «Aqmola Invest» фронт-офисы ашылды

Ақмола облысы   «Aqmola Invest»   фронт-офисы ашылды

 

 

 Астанада бір жылдан астам уақыттан бері инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін өңірлік «Aqmola Invest» фронт-офисы жұмыс істеп келеді. Енді «Aqmola Invest» инвесторлармен жаңа, кең әрі заманауи ғимаратта жұмыс істейтін болады.

«Aqmola Invest» инвестициялық фронт-офисы мен AQMOLA индустриалды аймағын басқарушы компанияның бірлескен жұмысы цифрландыру жағдайында біртұтас ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді. Мұнда өңірдегі жер ресурстары мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы мәліметтер өзекті әрі отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолжетімді болып табылады.

Индустриалды аймақ аумағында заманауи инженерлік және өндірістік инфрақұрылым қалыптасып келеді. Негізгі жобалардың қатарында – бидайды терең өңдейтін «Азия Алтын Дән» ЖШС, клинкер өнімдерін шығаратын «Terracottas» ЖШС, газоблок өндіретін «Eagle Architecture Technology Co., Ltd» зауыты, сұйытылған табиғи газ өндірісі бойынша «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ жобасы, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасын шығаратын «Remsintez RK» ЖШС бар.

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23124
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39370
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40755