«AMANAT» бағдарламасы: ШҚО-ның шалғай ауданында медициналық көмек енді қолжетімді

«AMANAT» бағдарламасы: ШҚО-ның шалғай ауданында медициналық көмек енді қолжетімді

Ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету – мемлкеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Тройницкое ауылында ашылған жаңа медициналық пункт халыққа алғашқы медициналық көмекті жедел әрі қолайлы түрде алуға мүмкіндік беріп отыр.

Бұған дейін ауылда медициналық нысан болмағандықтан, тұрғындар дәрігер көмегіне жүгіну үшін аудан орталығына баруға мәжбүр еді. Әсіресе шалғай елді мекен үшін бұл үлкен қиындық туғызып отырған.

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында осы мәселені жүйелі түрде шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде Тройницкое ауылында заманауи талаптарға сай жалпы аумағы 154,7 шаршы метр медициналық пункт бой көтеріп, тұрғындар игілігіне берілді.

Бүгінде медициналық пункт толыққанды жұмыс істеп тұр. Заманауи цифрлық жүйелермен және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған нысанда 12 арналы электрокардиограф, дефибриллятор, магнитотерапия аппараты, инфузиялық сорғылар, компрессиялық небулайзер, спирометр және бактерицидті сәулелендіргіштер бар.

Ауылда бүгінде жүзден астам адам тұрады. Жаңа медициналық пункт тұрғындардың денсаулығын тұрақты бақылауға және алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсетуге жол ашты.

«Бұрын медициналық көмек алу үшін басқа елді мекендерге баруға тура келетін. Енді өз ауылымызда барлық жағдай жасалды. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Әсіресе балалар мен үлкен кісілер үшін өте қолайлы болды», – дейді ауыл тұрғыны Алмагүл Қамзина.

Осылайша Тройницкое ауылында жаңа медициналық пункттің ашылуы шалғай елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік мәселенің нақты шешімі болды. Бұл бастама ауыл халқының медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, профилактикалық жұмысты күшейтуге және денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

27.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24650
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24316
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41755
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37644
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42042