Алтын орданың келбеті

Алтын орданың келбеті

Ақтөбе қаласындағы қарқынды дамып келе жатқан жаңа аудандардың бірі – Алтын орда ауданында жаңа қоғамдық-іскерлік орталығы бой көтеріп келеді. Ол жерде драма театр, жаңа стадион, көпфункционалды спорттық арена және 59 гектарлық саябақтан басқа жеке инвесторлар есебінен тұрғындарға қажетті нысандар салынады.

– Бұл нысандардың жобаларын өңірлік комиссия мақұлдаған болатын. Атап айтар болсақ, осы аймақта ауданы 6,6 гектар болатын «Сая парк» сауда-ойын-сауық орталығы салынады. Онда ауқымды, заманауи кешенде тұрғындардың демалысы үшін қолайлы аймақтар, ойын алаңдары, кино залдары, сауда нүктелері орналасады.

Сонымен қатар туризмнің дамуына қажетті нысан – 4 жұлдызды «Holiday Inn» қонақ үйі салынады. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындары, бизнес орталықтары, тұрғындардың серуендеуіне арналған аймақтар орналасатын «Шынжыр – Урбан сити» қоғамдық-іскерлік аймағы салынады. Әлем елдерінде қарқынды дамып келе жатқан падел-теннис орталығы да осында бой көтереді. Бұл біздің тұрғындар арасында да бұқаралық спортты насихаттауға серпін береді.

Ал «Ново сити Ақтөбе» компаниясы жаңа форматтағы сауда, ойын-сауық орталығын салады. Бұл орталықта заманауи сауда нүктелері және ақтөбеліктердің демалыс уақытын өткізетін орындар қамтылады, – дейді Азамат Бекет.

Сонымен қатар қаланың өзге бөліктерін де инвесторлар есебінен дамыту мақсатында Мәметова-Сейтова көшелерінің қиылысында жаңа қоғамдық-іскерлік орталық бой көтереді. Бұл жерде бизнес орталықтар, мейрамхана-дәмханалар кешені, цифрлық-айти музей, коворкинг орталықтары және жасыл желекпен қамтылған скверлер аймағы болады.

Қала әкімі Азамат Бекеттің айтуынша, Ақтөбе қаласының әкімдігі шаһарымыздың бірыңғай сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында Астана қаласының «Урбанистика орталығы» және «ПАРЫЗ» қорының қатысуымен үшжақты келісім-шарт жасасты. Нәтижесінде қаланың дизайн-коды, брендбугі және көгалдандыру жарғысы қабылданатын болады. Бұл – қаланы көркейтуге арналған маңызды құжат.

 

М. ТАБЫН, 

Ақтөбе қаласы

 

14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448