Алматы қаласы. Экология департаменті жұмысын қорытындылады

Алматы қаласы.   Экология   департаменті   жұмысын   қорытындылады

Алматыда Экология департаментінің 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты. Осы кезеңде 125 тексеріс жасалып, 109 рет экологиялық заңнама талабы бұзылғаны анықталып, ондаған нұсқама берілді. Зияндылықты азайтып, қалдықтарды бақылау мен ауа сапасын бақылау бағыты әлі де негізгі басымдық болып қалып отыр. Алматы қаласы Экология департаментінің басшысы Дінмұхамед Лесбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.  2025 жылы экологиялық реттеу бөлімі «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсеткен. Барлығы 210 өтініш түскен, олардың басым бөлігі (174) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) қажеттілігін айқындауға қатысты болды. Осы өтініштер бойынша 24 қорытынды берілді, өтініштің біразын иелері кері қайтарып алып, кейбірінен бас тартты, бірнешеуі әлі қаралып жатыр. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесі бойынша 21 өтініш түсіп, оның 15-і бойынша қорытынды берілді. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға 10 өтініш тапсырылып, соның бірі қорытынды шығарумен аяқталды. I санаттағы нысандарға экологиялық рұқсат алу үшін 5 өтініш түсті, олардың үшеуі бойынша рұқсат берілді. Жыл ішінде кешенді экологиялық рұқсаттар алу бойынша өтініштер тіркелмеді.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39376
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40757