Қонаев қаласында жастарға бағытталған көші-қон мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынды Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM / UN Migration) ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат – азаматтардың шетелге шығуына заңды түрде дайындығы мен саладағы маңызды ақпараттармен бөлісу.
Кездесу барысында қатысушыларға қолжетімді бағдарламалар, виза талаптары, еңбек көші-қонының кезеңдері, сондай-ақ адам құқықтар мен міндеттер талқыланды. Мамандар заңсыз жұмысқа орналасудың қауіптері мен адам саудасының алдын алу жолдарына да ерекше тоқталды. Шара аясында Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова сөз сөйлеп, IOM-ның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады. Аталған кездесу – жастар мен тұрғындардың қауіпсіз еңбек көші-қоны туралы білімін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Ақпараттанған азамат – қорғалған азамат. Сондықтан мұндай бастамалар қоғам үшін аса өзекті.















