АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 13-IT ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА   13-IT ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Айыртау ауданында заманауи IT-орталық ашылды.  Бұл – облыстағы 13-ші цифрлық хаб. Облыста жүзеге асырылып жатқан «Digital Aimaq» жобасы қорытынды кезеңіне аяқ басты. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында заманауи IT-орталық ашылды. Цифрлық хаб «BotAi CREATIVE IT CENTER» деп аталады. Басты мақсат Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасын заманауи технологиялармен ұштастыру.

Орталық республикалық «Ботай» музей-қорығымен бірлесіп жұмыс істейді. Аталмыш нысанға «Робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару аймақтары», «GameDev» (ойын әзірлеу) және медиаөндіріс студиялары», «Киберспорт алаңы мен коворкинг кеңістігі», «Бағдарламалау негіздерін оқытатын IT-сыныптар» кіреді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, орталықтардың жұмысы нақты KPI көрсеткіштеріне бағытталған. Туристік әлеуеті жоғары Айыртау ауданы үшін бұл IT-орталық туристік қызметтерді цифрландыру мен қауіпсіздік сервистерін дамытуға серпін береді. Орталықтың ашылуы аясында дрон технологияларын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен аудан кәсіпкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту жөнінде бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Айыртау ауданы  – Шоқан Уәлиханов, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Орынбай ақын сияқты бірегей тұлғалардың өсіп-өнген жері. Бүкіл дүние жүзіне әйгілі «Ботай»,  суы  Қара теңіздікіндей  Шалқар көлі,  табиғаты әсем Сырымбет. Имантау таулары, Айғаным қонысы  да – осы ауданда орналасқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді.

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы
30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25174
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24692
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42114
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42448