Абай облысы Тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қалай?

Абай облысы Тарихи-мәдени  ескерткіштердің  жай-күйі қалай?

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңір аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен оларды қорғау шаралары талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан баяндады.

Бүгінде Абай облысының мемлекеттік тізіміне 417 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілген. Оның 404-і – жергілікті, 13-і – республикалық маңызы бар нысандар. Ескерткіштер қала құрылысы мен сәулет, монументалды өнер, археология, сакралды және кешенді ансамбльдер санаттарын қамтиды. 2025 жылы бірқатар нысанды алдын ала есепке алу, мемлекеттік тізімге енгізу және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды бекіту жөнінде шешімдер қабылданды. Облыста бірнеше маңызды ғылыми-реставрациялық жоба жүзеге асырылды. 

Аймақ басшысы жиында құнды жәдігерлердің көшірмелерін музейлерге орналастыру, археологиялық зерттеулерді жүйелі жалғастыру, сондай-ақ, тұрғындар арасында тарихи мұраны қорғауға қатысты түсіндіру жұмыстарын күшейтуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

 

Павлодар облысы Ғасыр жасаған ардагер

Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар ауданының Сычевка ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Алексеевна Матюшинаға арнайы барып, мерейтойымен құттықтады. Өңір басшысы ардагерге жауынгерлік және еңбек жолындағы ерлігі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық пен қажырлы қайрат тіледі.

– Ғасырлық мерейтой – аса маңызды дата. Сіздің тағдырыңызда еліміздің тарихы, соғыс жылдарының ауыр сынағынан өткен, болашақ ұрпақ үшін бейбіт өмірді қорғап қалған және соғыстан кейінгі жылдары аянбай еңбек еткен әйелдердің тарихы көрініс тапқан. Сіздің жүрегіңізде тұтас бір дәуірдің естелігі сақталған, ал өмір жолыңыз баршамызға үлгі, – деп атап өтті облыс әкімі.

Мария Алексеевна 1943 жылдың ақпан айында 17 жасында майданға аттанған. Ол әскери-құрылыс бөлімдерінде қызмет етіп, ер адамдармен қатар қорғаныс бекіністерін салуға қатысты. Жеңісті елдің солтүстігінде, Финляндиямен шекара маңында қарсы алды. 1955 жылдан бастап Матюшиндер отбасы Қазақстанға қоныстанып, Железин ауданының Октябрьское ауылында тың және тыңайған жерлерді игеруге атсалысты. Мария Алексеевна кеңшардың егіс алқаптары мен фермаларында еңбек етіп, ауыр жұмыстарды атқарды. Ерлігі мен жанқиярлығы үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, сондай-ақ медальдармен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

 

Ақмола облысы Медициналық және әлеуметтік нысандарды тексерді

 

Өңір әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жұмыс сапарымен Біржан сал ауданында болды. Сапар барысында ол жаңа аудандық аурухананы аралады. Сонымен қатар 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысын қарап, қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазандықтардың жұмысын тексеріп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары ауыл әкімдерімен және ауданның дербес бөлім басшыларымен кеңес өткізді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина жұмыспен қамту бағдарламалары мен Отбасының цифрлық картасын іске асыру барысы туралы баяндама жасап, өңірлік жұмыспен қамту картасының нәтижелері мен халықпен жүргізіліп жатқан атаулы жұмыстарды таныстырды. Кеңес барысында аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар айқындалды.

 

Алматы облысы Жұмыспен қамту саясатының нәтижесі

 

2025 жылы Алматы облысында халықты жұмыспен қамтуды кеңейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Өңірдің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы Алматы облысының Еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

2025 жылы тұрақты бос жұмыс орындарына 22 099 адам орналастырылды. Жұмыспен қамтуды субсидиялау бағдарламалары арқылы мыңдаған азамат жұмысқа орналасты. 

Еңбек нарығы талаптарына бейімдеу және кадр даярлау мақсатында қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары да жүзеге асырылды. Оқу 6 колледжде және 10 оқу орталығында өткізіліп, 707 жұмыссыз азаматты қамтыды. Оқуды аяқтаған 527 адам өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.

 

23.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23461
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39372
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36623
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40757