АБАЙ ОБЛЫСЫ: БОРОДУЛИХАДА КІРПІШ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

АБАЙ ОБЛЫСЫ:  БОРОДУЛИХАДА КІРПІШ  ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Абай облысының Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Өндіріс орнының ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 6 млн дана керамикалық кірпіш. Кәсіпорын өңірдегі құрылыс компаниялары мен тұрғындарды сапалы әрі экологиялық таза құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Аймақ басшысы зауыттың ашылуы өңір экономикасына жаңа серпін беретінін атап өтті:

«Бүгін біз өңіріміздің өндірістік келбетінің жаңа тарауын ашқалы отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық», – деп, өндірісті дамытудың мақсатын, инвестиция тартудың маңызын айқындап берген болатын.

Бүгін өндірісі іске қосылып, өңір тұрғындарының қажеттілігіне қызмет еткелі отырған бұл кәсіпорын жылына шамамен 6 миллион дана кірпіш өндірмекші. Бұл облыс және аудан тұрғындарының құрылыс материалдарына тапшылығын азайтып, өңір экономикасына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Аудан экономикасына үлкен қолдау көрсетіп, осындай ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жеке инвестор Қайырлы Хасеновке алғыс айтамын. Қазірдің өзінде 65 адам жұмыс істеп жатыр екен. Елу адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұл – аудан халқы үшін үлкен көмек.

Биылғы мамыр айында облыстың даму жоспарын жариялаған болатынбыз. Осы жоспарға сәйкес Семей қаласында жаңа ықшам аудан құруды қолға алдық. Мұнда көптеген жаңа құрылыс нысандары салынатын болады. Кірпіш зауыты құрылыс материалдарын дайындауға үлкен септігін тигізеді. Сондықтан бүгін жұмысын бастағалы отырған өндіріске сәттілік тілеймін», – деді Берік Уәли.

«Шыңғыс Тас» ЖШС басшысы Қайырлы Хасенов зауыт жұмысының ерекшеліктерін атап өтті. Оның айтуынша, өндіріс толық автоматтандырылған және энергия үнемдеу мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қағидаттарына негізделген.

«Жұмысымызды қарқынды түрде бастап кеттік. Бір миллион данадан астам кірпішті шығарып қойдық. Қазіргі таңда бірқатар компаниялармен көп қабатты тұрғын үйлер мен мәдениет үйлерін салу жөнінде келіссөз жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысынан да біздің өнімдерімізге сұраныс бар», – деді кәсіпкер.

Жоба 2024 жылдың сәуір айында басталып, 2025 жылдың қазан айында толық аяқталды. Барлық құрылыс-монтаждау және іске қосу жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар сынақтан өтті.

Биыл облыс бойынша жалпы құны 7,3 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін құны 18,6 млрд теңгені құрайтын 8 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 271 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сәруар ҚАБДОЛЛА,

Абай облысы

12.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19998
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19816
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34965
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33525
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37340