Жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы

Жүлдегер атанған тұңғыш қазақ қызы

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында басталған дзюдо күресінен әлем чемпионатында отандасымыз Абиба Әбужақынова қола медальға ие болды. 48 келіге дейінгі салмақтағы Абиба Әбужақынова жартылай финалға дейін алқынбай жеткен. Бірақ финалдың жолдамасы сарапқа салынған тұста жапондық Нацуми Цунадедан жеңіліп қалды. Ал қола жүлде үшін тартыста намысты қолдан бермеді. Чилиден келген Мэри Ди Варгастың осал тұсын тапты. Сөйтіп, қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатында жүлде алып отыр. Бұрын тек Моңғолиядан келген легионер Отгоцэцэг Галбадрах ғана медаль алған. Енді 48 келіде оның ізбасары шықты. Әдетте жарыста Қазақстан қыздарының жеңілісіне ет үйреніп кеткен. Енді Абибаның жолына үмітпен қараймыз. Абиба – әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақ қызы. Енді Олимпиадада жүлде алған алғашқы қазақ қызы болсын деген тілегіміз бар. 

Рауан МУТАИР
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 184
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 198
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 464
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 924

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18376
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18236
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33424
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31976
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35742