ЖАЗУШЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ

ЖАЗУШЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ

Биыл белгілі жазушы, драматург, қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұлов тың туғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан мектеп-гимназияға жазушының есімі берілді.

Қаламгердің құрметіне арналған іс-шараға байланысты жиын өтіп, онда аудан әкімі Азизхан Исмаилов жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндама жасады. Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектептен аладғы уақытта елімізді жаңа деңгейге көтеретін білімді де ұлтжанды ұрпақтар түлеп ұшатынына сенім білдірді. Сонымен бірге іс-шара барысында Қазақстан Жазушылар одағы атынан ат басын бұрып арнайы келген қонақтар, атап айтқанда Жазушылар адағының басқарма мүшелері Сламхат Сейітхамзаұлы, Марат Тоқашбаев, Болат Шарахымбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров, Шарбұлақ ауылдық округінің төбе биі Амантай Құттымбетов, медецина ғылымдарының докторы, профессор Сәуірбек Рузиддинов құттықтау сөз сөйлеп, «Қазығұрттың Қалаубегі» атанған жазушының өмір жолынан әсерлі әңгіме өрбітті. Салтанатты рәсімнен соң көпшілік қауым атаулы мектепте ашылған Қалаубек Тұрсынқұлов мұражайы мен сыныбын аралап, жазушы шығармашылығындағы бірқатар тың деректермен танысты.

Одан кейін қаламгерді еске алу іс-шарасы аудандық Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Мұнда жазушының 90-жылдығы аясында «Қазығұрт – береке, бірлік бастауы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр сайысында еліміздің әр өңірінен жиналған от ауызды, орақ тілді 10 ақын қатысты. Қоғам өмірін, өзекті мәселелер мен ел жетістіктерін жырға қосып, көрермендерге ой салумен әсерлі кеш сыйлаған айтыстың қортындысында қазылар алқасының шешімімен Қарағанды облысы атынан бәйгеге түскен Мақсат Аханов бас жүлдені еншілесе, 1 орынды түркістандық ақын Бекарыс Шойбеков қанжығасына байлады.

Райымбек АЙТУБАЙ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
07.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 354
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 202
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 500
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18259
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18116
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33306
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31860
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35584