Жарысқа шорт-трекшілер де сақадай сай

 Жарысқа   шорт-трекшілер де сақадай сай

Белгілі маман, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков: «Бейжің Олимпиадасына  шорт-трекшілеріміз де сақадай-сай. Аспан асты елінде өтетін байрақты бәсекеге Абзал Әжіғалиев пен Әділ Ғалиахметов, сондай-ақ, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан жолдама алды. Бұлардың алдыңғы екеуі Батыс Қазақстан облысының түлектері. Абзал ҚР шорт-трек құрамасының мүшесі, қазақ жастары арасында алғаш рет әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанса, Әділ Ғалиахметов Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы, еліміздің әлденеше дүркін чемпионы, әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанып үлгерген спортшы.  Денис Никиша да жеңіс дәмін татып үлгерген тәжірибелі спортшы. Қалған спортшылар да Бейжіңге бас қарайту үшін ғана бармасы анық. Олардың бәрінің де Бейжің төрінде барын ортаға салып өнер көрсететініне сенімдімін. Сол себепті, спортшыларымызға жеңіс тілейік», – дейді. 

Ермек Сахариев
27.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 224
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 235
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 497

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18422
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18279
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33468
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32019
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35786